Жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.

364

Тақырыбы: Жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.

Мақсаты:

а)оқушыларға жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктері туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

 

ІІ. Үй тапсырмасы: Жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдемнің түрлері қандай?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

 

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ерекшеліктерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

 

  • Интербелсенді тақтада жараланған, жарақаттанған және жазатайым жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары.
  1. Жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету жарақаттанған жерді тазалап, оны ластамаудан басталады.
  2. Мүмкіндігінше жарақаттанған жердегі киімдерді шешіп немесе жыртып тастап тазартуға болады.
  3. Жарақатты асқындырып алмау үшін оның айналасын жуып, қолда бар дәрі-дәрмекті пайдалану керек.
  4. Сүйек сынған болса, оны қозғалтпай қатты заттарды пайдалана отырып, таңып тастауды ұмытпағаны жөн. Таңып байлау жарақаттың түріне, оның орналасқан жеріне байланысты.

ІҮ.Сабақты бекіту

 

  • Интербелсенді тақтада клиникалық өлім дегенді қалай түсінеміз? Мұндай өлімнің биологиялық өлімнен айырмашылығы қандай?

 

  1. Адам ес-түсінен ажырағанмен, оның жүрегі әлсіз соғып тұрғанын, өкпенің тыныс алуын байқауға болады. Мұның бәрінде тыныс алу жиілейді немесе баяулайды, кейде тіпті тоқтап қалуы да мүмкін.
  2. Мұндайда қан қысымы төмендеп, жоғары көрсеткіші 80-90, төменгісі 0-ге түсіп кетеді. Тері бозарып, денеден мұздай тер шығады. Көздің қарашығы үлкейіп, қараңғы мен жарыққа ешқандай жауап әрекеті байқалмайды. Денесі біртіндеп мұздап, жүрек соғуы мен тыныс алуының тоқтауына әкеліп соқтырады.
  3. Клиникалық өлім кезінде тез арада жедел медициналық жәрдем көрсетілмесе, ол биологиялық өлімге ұласып кетуі мүмкін.
  4. Мұндайда жүрекке сырттай массаж жасау және қолдан тыныс алдыру жүйесіне көшкен жөн. Ол үшін «ауыздан ауызға» ауа үрлеу, алақанды жүрек тұсына қойып, 5-6 рет кеудені қатты қысу керек.
  5. Жүрекке сырттай 5-6 массаж жасаудан кейін 1 рет өкпеге ауызбен үрлеген дұрыс.Осылайша алғашқы тыныс алғанша және жүрек соққанша медициналық жәрдем жалғасқаны жөн.

 

Ү. Сабақты қорытындылау

  • Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек.
  • Жаралардың асқынып кетпеуінің алдын алу.
  • Таңу және орап байлау түсініктері.
  • Бас пен кеудеге, іш пен аяқ-қолға және бұт аралығына зарарсыздандырылған таңғыш салу ережелері.
  • Клиникалық өлім туралы түсінік.
  • Өкпенің тыныс алуының бұзылуы. Белгілері. Алғашқы көмек.
  • Жүректің тоқтауы. Белгілері. Алғашқы көмек.
  • Жүрекке сыртқы массаж жасау техникасы.
  • Қолдан демалдыру. «Ауыздан ауызға» қолдан демалдыра және жүрекке жабық (тікелей емес) массаж жасай білу дағдылары.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы

  1. Клиникалық өлімнің белгілерін білесіңдер ме?
  2. Ауыздан ауызға» ауа үрлеудің мәнін білесіңдер ме?