Жігіттің сұлтаны кім?» саралаңыз

37

Жігіттің сұлтаны кім?» саралаңыз                                            

Мақсаты:

Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы   келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау шарты:

  • «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі». (Өзін таныстыру.)
  • «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
  • Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)
  • «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)

 Қойылатын талаптар:

  • Ұлттық киім.
  • Сахна мәдениеті.
  • Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.

1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші:     Береке де осында,

                   Мереке де осында.

                   Болып жатыр той-думан

                   Қырандардың қосында.

 

 

1-жүргізуші:     Асқақтаған ән дайын,

                   Күмбірлеген күй дайын.

                   Ал, кәнекей, қырандар!

                   Босқа қарап тұрмаңдар!

                   Бастап жігіт өнерін,

                            алыстарға самғаңдар

2-жүргізуші:     Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

 1-жүргізуші:    Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді

 2-жүргізуші:    Ей жігіттер!

                   Сендерге артар міндет көп.

                   Көтер биік ата салтын құрметтеп

                   Ақтай білсең ата-баба үмітін

                   Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Сұрақтар:       Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№1 асық. Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай?

  1. Түйе – Ойсылқара
  2. Жылқы – Қамбар ата
  3. Қой – Шопан ата
  4. Ешкі – Шек-Шек ата
  5. Сиыр – Зеңгі баба

 

 

 

 

 

№2 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.

  1.       Қаңтар                                 7.    Шілде
  2. Ақпан 8.    Тамыз
  3. Наурыз                                 9.    Қыркүйек
  4. Сәуір          10.    Қазан
  5.  Мамыр                                  11.    Қараша
  6. Маусым                  12.   Желтоқсан

 

№3 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

  1.   Жылқы — құлын
  2. Сиыр — бұзау
  3. Қой – қозы
  4. Ешкі – лақ                       

№4 асық.          Жыртқыш құстардың атын ата.

         Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

№5 асық.          Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын 

         атап шық, біреуін   түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

№6 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?

Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

1-жүргізуші:     Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.    

(Ән орындалады)

 

 

 

 

2-жүргізуші:     Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

                       Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

                       (Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші:     Ат өнері білінбес,

                       Бәйгеге түсіп жарыспай.

                       Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, —  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

  1. Салмақ тасын көтеру.
  2. Мойын арқан тартпақ.
  3. Білек күшін сынау.

2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

                  Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

                   Басыңа әлдеқандай  іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

                                 (Ән орындалады)

1-жүргізуші:     Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

                   Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

                   Көңіліңді шат сезімге баурайды,

                   Халқымыздың бүгіні мен өткені.

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу) 

 

 

 

 

 

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

№1 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар

  1. Үш  жүз:  Ұлы, Орта, Кіші
  2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
  3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

№2 асық. Жеті атаны талдап беру.

              Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,        немене.

№3 асық.  Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.

Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.

Жүргізуші:       “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!

     (Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)