Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

46

Тақырыбы : Біз – Тәуелсіз  Қазақстан балаларымыз .

Мақсаты  :    Оқушыларды туған жерін , елін , Отанын

сүюге , қазақ елінің ұлттық нышандарын

қастерлеуге,жерін , оның табиғаты  мен

байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;

Оқушыларды өз елін , жерін қорғап  оны

ойлай білетін ұлтжанды , патриот  сезімі ұя-

лаған , өз ойын  айқын,  көркем жеткізе ала-

тын толыққанды жеке тұлға  етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі :Қазақстан рәміздері .Қазақстан картасы .

Қанатты сөздер .Мақал – мәтелдер.

 

Сабақ барысы :

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі .
  2. Мұғалім: Отан дегеніміз — әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені .

«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың  Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді .Қазақстан тәуелсіздік алған  күннен  бастап  өркениет  өріне қарай қарышты қадам басып  келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті  50 елдің  қатарына  кіру жолында  игілікті істер , ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек .  Еліміздің ертеңі, болшағы  — сендердің қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне  өз үлесімізді қосайық :

1- оқушы : Ендеше қазақстан Республикасы :

Туымен тұғырлы ,

Елтаңбасымен елеулі ,

Әнұранымен айбатты .

2- оқушы : Құлақ түрем елімнің тынысына ,

Мақтанам, қуанамын табысына ,

Елбасы мен халқымыз аман болса ,

Айналар Орта  Азия « Барысына»

 

Мұғалім :  Барыс – биік тауларды мекендейтін , өзінің балалығымен , тектілігімен , мәрттілігімен  бағаланған аң .

Елбасымыз  барыс атауын текке  қолданбаса керек .

Қазақстанды орта Азия барысына  айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 »  стратегиялық  бағдарламасы  бұл күнде  құс қанаты  талатын  кең байтақ  өлкемізді  шарлап  кетті .

Елбасының жолдауы – егемендіктің  кілтін ұстап  жастардың жарқын болашағына  апарар  алтын сүрлеу.

 

3- оқушы :  Біз намыскер- қазақ елі  ұланымыз ,

Қорғайтын жерді  оттан  қыранымыз .

«Талап  , Еңбек Терең ой , Қанағат , Рақым»  деп Абай атамыз айтқан  ұланымыз.

 

4- оқушы : Өзіңдікі елің де ,

Өзіңдікі жеріңде.

Өзіңді өзің  еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде .

 

5- оқушы :Өзіңдікі туың да ,

От пен ауа суың да .

Жаса , Қазақстаным.

Белді бекем буын да .

 

6- оқушы :Асқар тау да сенікі ,

Бақша бау да сенікі .

Қалтқысыз  дос пенен

Қатал  жау да сенікі .

 

7- оқушы: Елімнің аты , жерімнің аты –

Өзіңмен биік, Республикам !

Жақсының аты , ғалымның хаты

Өзіңмен биік Республикам!

 

8- оқушы: Білімді ұрпақ , білікті маман ,

Беделің сенің Республикам !

Болатын балаң , ары сау адам –

Мерейің сенің , Республикам!

 

9- оқушы :Бәсеке деген оңай сын емес,

Ұшпасын бағың , Республикам!

Қазақтың атын , қазақтың затын –

Тұмар ғып тағын , Республикам!

 

10- оқушы : Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным !

 

11- оқушы: Әуелі Отан – Ана алды , оттың басы ,

Ауыл алды аунаған шөптің қасы,

Сағынғанда тым ыстық көрінеді

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы

 

Ән: «Елім менің».

 

12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып , осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін . Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.

 

13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді ,

Отан дейміз өсірген елімізді .

Отан дейміз туған жер , атамекен,

Биік тау , орман , тоғай ,көлімізді .

 

14- оқушы:Отан , Отан !

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

 

15- оқушы: Тауды көрсең күн  көзімен таласқан

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан .

Менің байтақ Республикам таулары ,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

 

16- оқушы : Дала көрсең көк желекпен ұштасқан .

Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан .

Менің байтақ Республикам даласы ,

Менің көлім теңізбен қол ұштасқан .

 

17-оқушы : Республика ! Ерікті ел – Қазақстан !

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан  аңсатып , армандатып,

Торды бұзған  мен де бір  арыстан . деп жырлаған -дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ .Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.

 

 

Ән:  Туған жер .