«Технология»

280

 

 

 «Технология» пәнінен  (ұлдар)

5-7 сыныптарға арналған

тест  тапсырмалары

 

 

 

Құрастырған: Жаңаөзен қаласы,

«Рахат» ауылындағы №18 орта мектептің

технология пәні мұғалімі Чукаев БекгалиУзакбаевич

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Алғы сөз

 

 

«Технология» пәнінен 5-7 сыныптарға арналған таңдау тесті 4 бөлімнен құралып, сұрақтардың барлығы оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жинақталып, барлық бөлімдерді толық қамтиды.

 

Тестті технология пәнінің тақырыптары, бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерінің сапасын тексеру кезінде пайдалануға болады.

 

Оқушы тестіге жауап беру барысында өзінің алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, бірнеше жауаптың ішінен жалғыз дұрыс жауапты таңдап, нақты сұраққа нақты жауап береді. Тестің сұрақтарына дұрыс таңдау жасап, дұрыс жауап бере білу – үлкен білімділік.

 

Тестіліеу әдісін пайдалану  оқушылардың  өз еркімен таңдау жасау, еркін ойлау, еркін шешім қабылдау, нәтижені болжау қабілетін дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сынып

 

            Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу   технологиясы

 

  1. Кез келген машина неше негізгі механизімнен тұрады?

а) 2 ;                        ә) 3;                     б) 4;                      в) 5;

 

  1. Беріліс механизімінің қозғалмайтын бөлігін … деп атайды:

а) трек;                    ә) буын;               б) жетекші буын;     в) жетектегі буын;

 

  1. Металдар негізінен неше топқа бөлінеді?
    а) 2 ;                          ә) 3;                     б) 4;                       в) 5;

 

  1. Қара металдарды ата:

а) алюмини,мыс;     ә) мырыш,қорғасын;  б) жез, қола; в) шойын, болат;

 

  1. Құрамындағы көміртегі 2% -дан аспайтын темір қорытпасын … деп атайды

а) болат;                   ә) шойын ;           б) темір;               в) баббит;

 

  1. Құрамындағы көміртегі 2% -дан асатын темір қорытпасын … деп атайды.

а) баббит;                 ә) темір;              б) болат;               в) шойын ;

 

  1. Мыс пен мырыштың қорытпасын ата:

а) баббит;                 ә) жез;                  б) қола ;               в) күміс;

 

  1. Металдардың түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы қалпына келуін … қасиеті деп атайды.

а) беріктік ;              ә) қаттылық;       б) серпінділік;     в) қарсылық;

 

  1. Қыспақтың негізгі бөліктері қандай металдан жасалады?

а) қола;                     ә) жез;                  б) болат;              в) шойын;

 

  1. Металды шабатын негізгі құрал;

а) шаппа шот;          ә) шапқы;            б) балта;              в) кескіш;

 

  1. Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал:

а) егеу;                       ә) кескіш;            б) шапқы ;          в) пышақ

 

  1. Ағаш негізінен неше бөліктен тұрады?

а) 2;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Ағаштың негізі – ядросы қалай аталады?

а) өзек сәулесі;         ә) камбий;          б) флоэма;            в) ағаштың өзегі;

 

  1. Жүмсақ ағашты ата:

а) емен ;                    ә) үйеңкі;          б) жөке ;               в) қызыл қарағай;

 

15 Ағашпен темір өңдейтін шеберлерді кім деп атайды?

а) ұста;                     ә) балташы;       б) зергер ;            в) ісмер;

 

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу.

 

  1. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал :

а) балта ;                  ә) шаппа шот;    б) қол ара ;           в) сүргі;

 

  1. Жалпақ беттерді тегістеу үшін қолданылатын сүргілеу аспабы:

а) шерхебель;          ә) фуганок;         б) сүргі;               в) түрпі;

 

  1. Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:

а) шабады;               ә) қырады;          б) сүргілейді;      в) түрпілейді;

 

  1. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабатының алынып тасталуын … деп атайды.

а) жоңқа;                  ә) үгінді;             б) бұтақ;              в) қабық;

 

  1. Алғашқы, дөрекі өңдеу жүмыстарын жүргізетін сүргілеу аспабы:

а) фуганок ;             ә) сүргі;               б) шерхебель;      в) түрпі;

 

  1. Ағашты кез келген бағытта кесе алатын ара :

а) қыл ара ;              ә) қол ара;          б) кернеу ара;       в) жақ ара;

 

  1. Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау;                  ә) бұрғы;            б) шапқы;             в) тескіш;

 

  1. Бұрғының ең көп тараған түрі:

а) спираль типтес;  ә) орталықты бұрандалы;

б) жай бұрандалы;  в) қасықша бұрандалы;

 

  1. Ағаш өңдейтін үстел неше бөліктен тұрады:

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш;     ә) қиғаш;              б) ірі тісті;          в) майда тісті;

 

  1. Қиғаш кесу үшін ара тісінің кескіні қандай болуы керек?

а) тік үшбұрыш;     ә) қиғаш;              б) ірі тісті;           в) майда тісті;

 

  1. Сүргіленген бұйымның сапасын немен тексереді?

а) көзбен ;       ә) карындашпен;         б) сызғышпен ;   в) циркульмен;

 

  1. Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар:

а) балта;                   ә) сүргі;               б) бұрғы;             в) қашау мен үшкір пышақ;

 

  1. Өрнек салынатын қаңылтыр қатаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек салар алдында …

а) отқа қыздырып жасытады;   ә) 10%-дық күкірт қышқылы араластырылған суға салады;

б) төс темірге қойып сағады;   в) суға салып қайнатады;

 

  1. Әсемдік бұймдарын жасайтын шеберді … деп атайды;

а) шебер;                   ә) ұста;               б) зергер;             в) ісмер;

 

Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

  1. Тоқ көзінің бірі:

а) элетр шамы;      ә) электр тізбегі;  б) ажыратқыш;   в) аккумулятор;

 

 

  1. Электр өндіруші:

а) электр қозғалтқыш;    ә) электр тізбегі;   б) генератор;    в) ажыратқыш;

 

  1. Оқшаулағыш материал:

а) мыс;      ә) пластмасса;         б) қорғасын;           в) қалайы;

 

  1. Электр энергиясын тоқ көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы … қажет.

а) қабылдағыш;       ә) тұтынушы;        б) өткізгіш;         в) оқшаулағыш;

 

  1. Ең қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді … деп атайды.

 

а) электр тізбегі;     ә) электр бейнесі;       б) электр сызбасы;       в) электр схемасы;

 

  1. Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыратын қондарғы:

а) үтік;      ә) қозғалтқыш;      б) желдеткіш;      в) шаң сорғыш;

 

  1. Монтердің құралдарына қандай ортақ талаптар қойылады?

а) өткір болу керек;     ә) сапалы болаттан жасалу керек;

б) саптары оқшаулағыш материалдарымен қапталған болу керек;

 

  1. Өткізгіш сымдардың байланысқан жерлері … оралады.

а)  резенкемен;   ә) оқшаулағыш таспамен;

б) полиэтилен пленкамен;     в) шүберекпен;

 

  1. Қалта шамының тоқ көзі не болып есептеледі?

а) аккумулятор;    ә) генератор;     б) конденсатор;      в) гальваникалық элемент;

 

Жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

 

  1. Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу қай ғасырда басталды?

а) XVІІ ғ;      ә) XVІІ ғ. аяғы;      б) XVІІІ ғ.;       в) XVІІІ ғ. аяғы ;

 

  1. Топырақтың ең негізгі қасиеті — оның …

а) құнарлылығы;     ә) су өткізгіштігі;    б) ылғал сыйымдылығы;    в) ауа өткізгіштігі;

 

43.Қара топырақтың 1 гектарында  қанша тонна органикалық заттар болады?

а) 100-200 т;     ә) 200-300 т;     б) 300-400 т;     в) 400-500 т;

 

  1. ПЛН-5-35 соқасы топырақты қанша см тереңдікке дейін жыртады?

а) 30 см;      ә)35 см;      б) 40 см;      в) 45 см ;

 

  1. Жер қыртысмен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған техника:

а) соқа;     ә) тырма;     б) таптауыш;     в) культиватор;

 

  1. Арам шөптерді отауға, тыңайтқыш шашуға , түптеуге арналған техника:

а) соқа;      ә) тырма;      б) таптауыш;      в) культиватор;

 

  1. Органикалық тыңайтқышты ата:

а) шымтезек;      ә) азот;      б) фосфор;      в) калий;

 

 

 

 

  1. Ұзақ уақыт қайталап егуге төзімді келетін дақыл:

а) зығыр;     ә) күнбағыс;     б) қызылша;     в) картоп;

 

  1. Қайталап егуге және бұрынғы егілген жеріне қайта егуге төзбейтін дақыл:

а) күнбағыс;     ә) жүгері;     б) кендір;     в) картоп;

 

  1. Гүл өсіру шаруашылығында неше түрлі жылдық өсімдіктер өсіріледі?

а) 2 ;     ә) 3;     б) 4;     в) 5;

 

 

 

Тест сұрақтарының кілті:

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
 ә а а в а в ә б в ә а ә в б а б ә б а б в ә а а а
26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50
ә б в а б в а ә б б в а б ә в в а б а ә в а в а ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сынып
Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу технологиясы

 

1.Цилиндірдің бойына бұрама  шығару не деп аталады?

а) өзек;   ә) бұранда;   б) ойма;   в) бұрамдалық;

 

  1. Ойманың неше түрі бар?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Ойманың көршілес жататын екі орамын ара қашықтығын не деп атайды?

а) сыртқы диаметр;   ә) ішкі диаметр;   б) ойма бөліктері;   в) ойма қадамы;

 

  1. Цилиндір өзектерінің сыртына ойма салу үшін … пайдаланылады.

а) оймалауыш;   ә) тәлі;   б) бұрауыш;    в) ойма тілгіш;

 

  1. Бұйымның бірнеше жағынан белгілеу әдісін … белгілеу әдісі деп атайды

а) жай;    ә) күрделі;    б) кеңістікте;    в) жазықтықта;

 

  1. Терең тесіктерді бұрғылау үшін қолданылатын құрал:

а) қол бұрғы;    ә) конус тәрізді бұранда;    б) үшкір жүзді бұрғы;    в) бұрандалы бұрғы;

 

  1. Зергерлік жұмыстарға қолданылатын бұрғы түрі:

а) қол бұрғы;    ә) электр бұрғы;    б) бұрамдалы бұрғы;    в) спиральды бұрғы;

 

  1. Белгіленген орында параллель немесе бір сызық жұргізуге арналған құрал:

а) сызғыш;    ә) циркуль;    б) рейсмус;    в) рулетка;

 

  1. Өте нақты, дәл өлшем алуға арналған өлшеуіш құрал:

а) сызғыш;    ә) штангенциркуль;    б) транспортир;    в) рейсмус;

 

  1. Метал кескіш аспаптардың мұқалған жүздерін қайтадан өткірлеу әдісі:

а) қайрау;    ә) түзету;    б) соғу;    в) жөндеу;

 

11.Ағаш материалдарын белгілі мөлшерде  (ұзыны мен ені) лайықты етіп дайындау не деп аталады?

а) кесінді;    ә) кесу;    б) жону;    в) аралау;

 

  1. Сүргілеудің дұрыстығын немен тексереді?

а) көзбен;    ә) карындашпен;    б) жіппен;    в) сызғышпен;

 

  1. Қол бұрғылар неше мм-ге дейінгі тесіктерді бұрғылауға қолданылады?

а) 10 мм ;    ә) 15 мм;    б) 20 мм;    в) 25 мм;

 

  1. Қалыңдығы 1мм-ге дейін болат қаңылтырды қандай аспаппен түзетеді?

а) балғамен;     ә) тақтаймен;

б) ағаш балғамен немесе басы жұмсақтау балғалармен;    в) қолмен;

 

  1. Түзетудің сапасын немен тексереді?

а) көзбен;    ә) қолмен;    б) сызғышпен;    в) карындашпен;

 

 

 

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу.

 

  1. Ағаштың жалпақтығы 100 мм –ден жоғары төртбұрышты материал:

а) дөңбек;    ә) тақтай;    б) горбыль;    в) шпон;

 

  1. Тақтайдың жалпақтығы қалыңдығынан 3 немесе 4 есе көп өлшемде алатын материал:

а) шпал;    ә) стропила;    б) тақтай;    в) дөңбек;

 

  1. 50 х 50 мм өлшем бірлікте кесілген ағаш бөлігі:

а) горбыль;    ә) шпал;    б) стропила;    в) обрешётка;

 

  1. Ағаштың негізгі бөлігі:

а) тамыры;    ә) діңі;    б) ұшар басы;    в) бұтағы;

 

20.Жалпақтығы қалыңдығынан екі есе көп өлшемді қамтитын ағаш материалы:

а) тақтай;    ә) дөңбек;    б) шпал;    в) шпон;

 

  1. Ағаш ұнтағын желімге араластырып нығыздау арқылы шығарылатын материал:

а) қағаз;    ә) үшқат;    б) ДСП;    в) шпал;

 

  1. Ағаштың жіңішке кесіндісі не деп аталады:

а) үшқат;    ә) жоңқа;    б) ДВП;    в) шпон;

 

  1. Шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материал:

а) үшқат;    ә) ДВП;    б) ДСП;    в) жоңқа;

 

  1. Ағаш діңінің қабығын аршуға қолданылатын құрал:

а) балта;    ә) пышақ;    б) қос қолды пышақ;    в) бір жақты пышақ;

 

  1. Ағаштарға ою өрнек жасау үшін қажет құрал:

а) пышақ;    ә) қос қолды пышақ;    б) бір жақты пышақ;    в) ауыспалы жүзді әшекей пышақ;

 

26.Шабылған бұйымның ішкі бөлігін  тазалау үшін қажет құрал:

а) шаппа шот;    ә) ыңғыру құралдары;    б) қашау;   в) тегістегіш құрал;

 

  1. Шикізаттан дайындалатын желімдер нешеге бөлінеді:

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Шел қабығына терінің кесіндісін қосу арқылы жасалатын желім:

а) мүйіз желімі;    ә) казеин желімі;    б) шел желімі;    в) жай желім;

 

  1. 6-сыныпта ағаш кептірудің  неше түрімен таныстыңыздар?

а) 3;                          ә) 4;                        б) 5;                  в) 6;

 

  1. Ағаш ою тәсілдері шартты түрде нешеге бөлінеді?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Жалпы алғанда, ою -өрнек түрлерінің саны қанша?

а) 200-ден астам;    ә) 300-дей;    б) 400 шамасында;    в) 500-ге жуық;

 

  1. Қаңылтырды көркемдеп өңдеу кезінде метал бетіне жіңішке науа секілді із қалдыратын құрал:

а) сотан;    ә) жүмсалғыш;   б) проушник;    в) конфарник;

 

 

  1. Адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ теріден жасалған төсеніш:

а) текемет;    ә) киіз;    б) бөстек;    в) көн;

 

  1. Жылқының артқы санының терісін мес қылып,бітеу сойып алып жасалатын тері ыдыс:

а) мес;    ә) саба;     б) бұлқыншақ;    в) торсық;

 

  1. Ірі себеттерді тоқу үшін неше жылдық талшылықтарын қолданған жөн?

а) 1 жылдық;    ә) 2 жылдық;    б) 3 жылдық;    в) кез келген жылдықты;

 

Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

 

  1. Ас үйде жұмыс істеуге қолайлы болу үшін, үстелдің, плитаның, раковинаның биіктігін еденнен неше см биік етіп қояды?

а) 70 см;    ә) 75 см;    б) 80 см;    в)85 см;

 

  1. Қабырғаға іліп қоятын шкафтар үстелмен ыдыс жуғыштың биіктігінен бастап есептегенде неше см биік етіп ілінеді?

а) 40см;    ә) 45 см;    б) 50 см;    в) 60 см;

 

  1. Сандықтың неше түрі бар?

а) 2 ;    ә) 3;    б) 4;    в) 5;

 

  1. Киім-кешек салуға арналған сандық қалай аталады?

а) әбдіре;    ә) жағлан;    б) қол сандық;    в) кебеже;

 

  1. Сырты түгелдей былғарымен қапталатын сандық қалай аталады?

а) әбдіре;    ә) жағлан;    б) қол сандық;    в) кебеже;

 

  1. Бой жеткен қыздармен жаңа түскен жас келіндердің еншісіндегі сандық қалай аталады?

а) кебеже;    ә) әбдіре;    б) жағлан;    в) қол сандық;

 

  1. Азық-түлік сақтауға арналған бұйым:

а) кебеже;    ә) асадал;    б) сандық;    в) шифоньер;

 

  1. Ыдыс-аяқ сақтау үшін ағаштан жасалған бұйым:

а) кебеже;    ә) асадал;    б) сандық;    в) шифоньер;

 

  1. Сым оралған катушканың ішіне болаттан жасалған өзекше енгізілген құрылғы қалай аталады?

а) өткізгіш;    ә) тұтынушы;    б) электромагнит;    в) электртізбегі;

 

45.Электр қоңырауының негізгі бөлігі:

а) тостаған;    ә) балға;    б) электромагнит;    в) ажыратып-қосқыш;

 

Жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

 

  1. Топырақтың үстіңгі қабатын қопсытатын құрал:

а) культиватор;    ә) тырма;    б) таптауыш;    в) соқа;

 

  1. Ауыл шаруашылық дақылдарын себудің ең көп тарағаны:

а) қатарлап себу;    ә) ұялап себу;     б) жаппай себу;   в) тоғыспалы себу;

 

 

 

 

  1. Жоғары сатылы көк өсімдіктер тобын қалай атайды?

а) тез өсетін өсімдіктер;    ә) мәдени өсімдіктер;

б) кеш  пісетін  өсімдіктер;    в) суыққа төзімді өсімдіктер;

 

  1. Тұқым себетін машинаны ата:

а) тырма;    ә) соқа;    б) сеялка;   в) культиватор;

 

  1. Барлық жеміс-жидек неше топқа бөлінеді?

а) 3;    ә) 4;    б) 5 ;    в) 6 ;

 

 

Тест сұрақтарының кілті:

 

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
в а в ә в ә в б ә а ә в а б б а ә в ә а б в а б в
26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50
ә а б в а в ә б б ә в ә ә а ә в а ә б б ә а ә б в

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 — сынып

Машина тану элементтері негізінде конструциялық материалдардың өңдеу технологиясы

  1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің негінен алғанда екі түрі бар. Олар … және …

а) кесу, жону;    ә) кесу, бұрғылау;    б) кесу, қысу;    в) кесу, шабу;

 

  1. Цикльді білдектер дайындалған ағаш материалдарының үстінгі жұқа қабатын ( …-… мм) жону арқылы тап-таза әрі біртегіс ету үшін пайдаланылады.

а)  0,1-0,5;    ә)  0,50-0,75;    б)  0,75-1,0;    в)  1,0-1,25;

 

  1. Кез келген білдек үш негізгі механизімнен тұрады. Олар …, … және … механизімдер:

а) қозғаушы, бақлаушы, реттеуші;    ә) тоқтатушы-жұргізуші, бағыттаушы , атқырушы;

б) басқарушы, жеткізуші, қорғаушы;    в) қозғаушы, жеткізуші, атқарушы;

 

  1. Өндірісте ағаш өңдейтін токарь білдегінің неше түрі бар?

а)1;    ә) 2;    б) 3;    в) 4;

 

  1. Ағаш материалын қысу арқылы өңдейтін машина қалай аталады?

а) қысушы;    ә) қыспақ;    б) сығушы;    в) прес;

 

  1. Орталықты токарь білдегінде салыстырмалы түрде алғандағы … бөлшектер өңделеді:

а) диметрі үлкен, жайпақ;    ә) диаметрі онша үлкен емес ұзынша ;

б) диаметрі кіші, қысқа;    в) кез келген диаметрдегі және көлемдегі;

 

  1. Көлемі едәуір үлкен жайпақ бөлшектер … білдектерде өңделеді.

а) қарама-қарсы;    ә) орталықты;    б) орталықсыз;    в) кез келген;

 

  1. Ағаш өңдейтін токарь білдегінің маркасы;

а) ТВ-6;    ә) НГФ-10;    б) СТД-120 М;    в) FРХ-25 Е;

 

  1. Ағаш өндейтін токарь білдегінде өңделетін дайындалған ағаш материалының кесу орталығы қалай анықталады?

а) шамамен;    ә) өлшеу арқылы;    б) шаршының диагоналдарын қиылыстыру арқылы;

в) шаршының қабырғаларын бөлу арқылы;

 

  1. СТД-120 М білдегінде қысқа бөлшектердің сыртын жанып-жону … бекіту арқылы орындалады.
    а) тығырыққа;    ә) үш ашалы тістегішке;    б) қыспаққа;    в) патронға;

 

  1. Дайындалған ағаш материалы тығырыққа қалай бекітіледі?

а) тістегішпен;    ә) бұрандалы шегелермен;

б) бұранда және бұрандалықпен;    в) алдыңғы және артқы қыспақпен;

 

  1. Қара дүрсін жанып-жону қандай қашаумен орындалады

а) жартылай дөңгелек;    ә) қиғаш жүзді;    б) бір қалыпқа келтірілген;     в) жалпақ;

 

 

  1. Әдемілеп жону кезінде қиғаш қашаудың жүзі жонып өңделетін цилиндрге қандай бұрыш жасауы  керек?

а) 300;    ә) 450;     б) 600;    в) 750;

 

  1. Тік кесу аяқталған кезде ағаш материалының дәл орта шенінде қалдырылатын діңгек диаметрі қанша болу керек?

а) 5-7 мм;    ә) 6 — 8 мм;    б) 8-10 мм;    в) 10-12 мм;

 

 

  1. Жонылып болған бұймдардың сыртқы бетін немен тегістеп ,ажарлайды ?

а) түрпімен;    ә) қайрақ таспен;    б) егеумен;    в) қажақ қағазбен;

 

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеу.

 

  1. Шегелердің көлденең кескендегі қимасының түрлері дөңгелек, үшбұрыш және шаршы болып келеді. Осылардың қайсысы бөлшектерді неғұрлым мықты ұстайды?

а) дөңгелек;    ә) үшбұрыш;    б) шаршы;    в) үшбұрыш және шаршы;

 

  1. Кепкен құрғақ ағаштар шеге қаққан кезде қақ айырылып кетпеу үшін …

а) шегені суға салып ылғалдандырады;    ә) шегеге сабын жағады;

б) тақтайды суға салып дымқылдандырады;    в) тақтайға бұрғылап ұяшық жасайды;

 

  1. Бөлшектерді құрастырып-бекіту кезінде-бұрама шегелерді ұрып қағуға болама?

а) болады;    ә) бұрауыштың әлі жетпесе болады;

б) төрттен біріне дейін қағуға болады;    в) үзілді-кесілді тыйым салынады;

 

  1. Қатты ағаштан жасалған бөлшектерді бұрама шегемен құрастырып бекіту үшін бөлшектерге алдын ала шұңқыр жасап алады. Шұңқырдың тереңдігі қандай болу керек?

а) шегенің ұзындығының жартысындай;

ә) шегенің бұрандасыз діңгегінің  ұзындығындай;

б) шегенің ұзындығының төрттен біріндей;

в) шегенің ұзындығындай;

 

  1. Ағаш материалының дымқылдығы қанша пайыз болғанда желімдеп құрастырудың сапасымен беріктігі жоғары болады:

а) 8-10%;    ә) 10-12%;    б)13-15%;    в) 18-20%;

 

  1. Казеин желімі жасалып болғаннан кейін қанша уақытта қоюланып пайдалануға жарамай қалады?

а) 2-3 сағ;    ә) 3-7 сағ;    б) 8-10 сағ;    в) 12 сағ;

 

  1. Тақта түріндегі желімнен сұйық желімді жасау үшін қанша бөлік ағаш желімі және қанша бөлік су болғаны жөн?

а) 1 бөлік ағаш желімі, 2  бөлік су;    ә) 2 бөлік ағаш желімі, 3 бөлік су;

б) 3 бөлік ағаш желімі, 4 бөлік су;    в) 4 бөлік ағаш желімі, 5 бөлік су;

 

  1. Жасалуы жағынан желімдер неше түрге бөлінеді?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Бұрыштап тиектеп бекітудің неше түрі бар?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б)4;                     в)5;

 

  1. Ағашты күйдіріп әрлендіру қалай аталады?

а) термотехника;    ә) термография;    б) пиротехника;    в) пирография;

 

 

 

  1. Сымкәптеу өнерінің негізінен неше түрі бар?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в 5;

 

  1. Сыр көзбен қарағанда күмістен айыру қиын,сымкәптеу өнерінде қолданылатын металл:

а) нихром;    ә) никелин;    б) мельхиор;    в) алюминий;

 

  1. Тері боядың неше түрлі мақсаты бар?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Теріден жасалған ыдыс бұл …

а) қарын;    ә) қоржын;    б) саба;    в) таспа;

 

  1. Майлы терілердің майын қалай сорғытады?

а) «былжыр» немесе қызыл кірпіштің ұнтағы мен;    ә) қайнатады

б) күнге ұстайды;    в) сабынмен жуады;

 

Үй мәдениеті және тұрмыстық техника

 

  1. Электр тоғының қайнар көзінің бірі:

а) электр шамы;    ә) электр желісі;    б) электр ажыратқыш;    в) электр генераторы;

 

  1. Электр желісінің ең қарапайым түрі неше элементтен тұрады?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Оқшаулағыш материалдардың бірі:

а) қорғасын;    ә) қалайы;    б) жез;    в) пластмаса;

 

  1. Аккумулятор батареясы бұл …

а) өткізгіш;    ә) оқшаулағыш;    б) тоқтың көзі;    в) тұтынушы;

 

  1. Өткізгіш материалдардың бірі:

а) графит;    ә) фарфор;    б) шыны;    в) резеңке;

 

  1. Электр қуатын тұтынушылардың бірі :

а) патрон;   ә) ажыратқыш;    б) генератор;     в) үтік;

 

  1. Электр шамын ағыту үшін сөндірілгеннен кейін қанша уақыт суыту керек?

а) 2 минут;    ә) 3 минут;    б ) 4 минут;    в) 5 минут;

 

  1. Өткізгіш сымдардың байланысқан жерлері немен оралады?

а) резеңкемен;    ә) оқшаулағыш таспамен;    б) полиэтилен пленкамен;    в) шүберекпен;

 

  1. Қалта шамының тоқ көзі не болып есептеледі?

а) аккумулятор;    ә) генератор;    б) гальвандық элемент;    в) конденсатор;

 

40.Монтаждау құралдарын біреуге бергенде қалай беру керек?

а) орап;    ә) ұшынан ұстап;    б) сабын ұстап;    в) жалғап;

 

  1. Монтаждау құралдарын үстелге қойғанда қалай қоюу керек?

а) сабан өзіңе қаратып;    ә) ұшын өзіңе қаратып;    б) көлденең;    в) қалай болса солай;

 

 

 

 

 

  1. Монтаждау және жөндеу жұмыстары жұргізілгенде құралдар жұмысшының қай жағында тұру керек?

а) сол;    ә) оң;    б) жоғары;    в) төменгі;

 

  1. Электр монтаждау құралдарына қандай ортақ талаптар қойылады?

а) өткір болу керек;    ә) сапалы болаттан жасалу керек;

б) саптары оқшаулағыш материалдармен қапталған болуы керек;

в) ұстауға ыңғайлы болуы керек;

 

  1. Электр тізбектерін құрастырғанда , жөндегенде, тоқ көзін тізбекке қосып қоюуға болама?

а) болады;    ә) тізбекте қорғағыш қондырғысы бар болса, болады;

б) тізбекте автоматты қорғағыш бар болса, болады;   в) үзілді кесілді тыйым салынады?

 

  1. Электр құрылғы бұйымдарының тұлғасы неге пластмасадан жасалады?

а)  арзан болғандықтан;    ә) жеңіл болғандықтан;

б) механикалық соққыға шыдамды болғандықтан;

в) электр оқшаулағыш болғандықтан;

 

Жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

 

  1. Егіншілік жүйесі нешеге бөлінеді?

а) 2 ;                         ә) 3;                      б) 4;                     в) 5;

 

  1. Жыл сайын танапқа өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды ауыстырып егу егіншіліктің қай жүйесіне тиісті?

а) интенсивті;      ә) экстенсивті;    б) қарапайым;     в) ауыспалы;

 

  1. Ел арасында «екінші нан» деп аталған дақыл?

а) арпа;    ә) картоп;    б) күріш;    в) тары;

 

49.Құнарлы топырақ:

а) сұр топырақ;    ә) сортаң топырақ;    б) қара топырақ;     в) қызғылт топырақ;

 

  1. Тамыр жемісті дақыл:

а) қауын;    ә) қарбыз;    б) асқабақ;    в) сәбіз;

 

 

Тест сұрақтарының кілті:

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
б а в б в ә а б б в ә а ә б в в б в ә а ә в а ә в
26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50
а б а б а в б в б а в б ә б ә а ә б в в ә а ә б в