Тоқсандық қайталау

 

Сабақтың тақырыбы:      Тоқсандық қайталау

 Сабақтың мақсаты:  


                                       а) оқушылардың  әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

                                   ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:                    қайталау

Сабақтың әдісі:                   сұрақ-жауап,талдау, т.б


Сабақтың көрнекілігі:,     сызба-нұсқаулар  т.б.

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                      Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

           Үйге берілген  тапсырманы   сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                       б)   Жаңа сабақты түсіндіру:

 Балалар, біз әдебиеттің қандай түрлерін өттік.  

   Қазақ әдебиеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?  

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
  2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?
  3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?
  4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?

Білімді бағалау : Оқушылардың  жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма :   Ақын-жазушылардың әңгімелерін,романдарын оқып келу.

 

Тест

  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

а) батырлар жыры                ә) ғашықтық жыры            б) аңыз әңгіме

  1. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңнің авторы кім?

а)  Абай         ә) Ахмет Байтұрсынұлы             б) Сәбит Мұқанов

  1. Абай қай жылы туған?

а)  1835-1906ж.               ә) 1855-1909ж.              б)1845-1904ж

  1. «Әнші» әңгімесінің авторы кім?

а)  Ж.Аймауытұлы           ә)  С. Торайғыров          Б) С. Сейфуллин

  1. «Қоштасу» халық поэзиясының қай түріне жатады?

а)  мұң-шер          ә) тұрмыс салт        б) төрт түлік

  1. «Өткен күндер» жинағының авторы кім?

а)  Бейімбет Майлин   ә) Сәкен Сейфуллин     б) Ілияс Жансүгіров

  1. «Қыз Жібек» операсын жазған кім?

а)  Мұқан Төлебаев     ә) Бейімбет Майлин       б) Е.Брусиловский

  1. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?

а)  Міржақып Дулатұлы       ә) Шәкәрім        б) Жүсіпбек Аймауытұлы

  1. Қазақ тіл білімінің атасы кім?

а)  М.Жұмабаев         ә) М.Мақатаев     б) А.Байтұрсынов

  1. Міржақып Дулатұлының «Оян,қазақ!» атты жинағы қай жылы жарық көрді?

а)  1904 ж.                  ә) 1909 ж.                  б) 1908 ж.

  1. «Көзін ауылға келгенсін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға асырауға көнеді десті» деген жолдар қай әңгімеден алынған?

а)  «Көксерек»                ә) «Есіл бойында»           б) «Саятшы Ораз»

  1. Ғабит Мүсіреповтың әңгімесін ата.

а)   «Әнші»                 ә) «Ананың анасы»              б) «Бандыны қуған Хамит»

  1. Сәкен Сейфуллин қай жылы туған?

а)  1894-1938ж.               ә) 1856-1931 ж.               б) 1885-1935 ж.

14.Мағжан Жұмабаевтың  «Толқын» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

а) махаббат лирикасы          ә) саяси-әлеуметтік лирика         б) табиғат лирикасы

  1. Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталануды не деп айтамыз?

а)  анафора                 ә) жай қайталау                  б)   эпифора

  1. Әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе шығарманың бас-аяғы тиянақты бөлшегі қалай аталады?

а)  сюжет          ә) эпизод               б) әңгіме

  1. Шешендік сөздерді айтушылар кімдер?

а)  әншілер        ә) билер                  б) жазушылар

  1. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуін ата.

а)  монолог          ә) диалог              б) автор сөзі

  1. «Көкшетау» поэмасының авторы кім?

а)  С.Сейфуллин            ә) І. Жансүгіров                 б) Б.Майлин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тестік    бақылау

  Естіген нәрсені ұмытпауға төрт түрлі себеп бар …

Абайдың нешінші сөзі?

а) 19

ә) 17

б) 31

Шоқан Уәлихановтың шын аты

а) Ибраһим

ә)Мұхтар

б)Мұхаммедқанафия

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды …

Абайдың нешінші сөзі?

а)  31

ә) 19

б) 17

Түркі тілдес халықтардың «Алтын ғасыр» деп атаған ғасыры

а) ХІІІ ғ.

ә) ХІІ ғ.

б) ХІғ.

«Невада-Семей» ядролық сынаққа қарсы қозғалысты бастаған кім?

а) М.Шаханов

ә) О.Сүлейменов

б) А.Әшімов

Кіші жүздің атақты биі

а) Мөңке би

ә) Төле би

б) Әйтеке би

«Ақан сері романын кім жазды?

а) І.Жансүгіров

ә) С.Жүнісов

б) Ғ.Мүсірепов

Қаз дауысты Қазыбек кім?

а) жазушы                      ә)ғалым                     б)шешен

«Боранды түнде» әңгімесін кім жазды?

а) Қ.Аманжолов              ә)М.Әуезов         б)Ғ.Мүсірепов

«Бөбек бөлеу» өлеңі қай ақындыкі?

а) Жамбыл                  ә)І.Жансүгіров          б)С.Сейфуллин

Сәби дүниеге келгенде болатын той

а) тілашар                       ә)тұсау кесер        б)шілдехана

Оралхан Бөкей қай жерде дүниеге келді?

а) Оңтүстік Қазақстан облысы.

ә) Шығыс Қазақстан облысы.

б) Батыс қазақстан облысы.

Саятшы Ораздың бейнесі кімнің шығармасында бейнеленген?

а) Аягөздің сол жақ жағасында

ә) Аягөздің оң жақ жағасында

б) Ертістің сол жақ жағасында

Көркем әдебиет стилін кімдер қолданады?

а) жазушылар

ә) ғалымдар

б) әншілер