Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары

Сабақтың тақырыбыМыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары
МақсатыМыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары туралы мағлұмат беру, ашылу тарихына тоқталу, қасиеттерін түсіндіру, есептер шығаруда шеберліктерін шыңдау, салыстыру және биологиялық маңызын ашу т.б.
Күтілетін нәтижелерМыс пен мырыш туралы негізгі ақпаратты біледі, химиялық қасиеттеріне теңдеулер жаза алады, теңдеулерін есептеулерде қолдана біледі, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, ажырата алады, зертханалық сапалық реакцияларын жүргізіп, қолдану салаларын ажырата алады.
Керекті жабдықтарИнтерактивтік тақта, Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, Н.Бекетовтың металдардың электрохимиялық кернеу қатары, ҚР географиялық картасы, слайдтар, суреттер, постерлер, бағалау парағы, бояулар, мыс, мырыш пластинкалары және олардан жасалынған бұйымдар, есептеу құралдары, үлестірме қағаздар, қималар, қажетті реактивтер мен құрал — жабдықтар т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезең деріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін психологиялық дайындық жүргізеді, топ жасақтауға нұсқау беруМұғаліммен амандасады, екі топқа топтасады. Кезекшілер сабаққа қажетті құрал жабдықтарды таратады, көшбасшы топ мүшелеріне  қызметтерін бөліп береді, топқа басшылық жасап отырады,
Тұсау кесер

 

Интерактивтік тақтадан слайд арқылы сабақтың жоспарымен таныстыру, уақытты жоспарлау,

бағалау парғымен таныстырып өту

Сабақтың  жоспары:

І. Кіріспе:                                            2 минут

а) Ұйымдастыру;

ә) Топ жасақтау;

ІІ. Тұсау кесер:                                  5 минут

а) Оқушылар зейінін сабаққа аудару;

ә) Сабақ жоспарымен, мақсатымен, бағалау парағымен таныстыру;

ІІІ. Негізгі бөлім:                             30 минут

а) Үй тапсырмасын тексеру;      8 минут

ә) Жаңа материалды меңгеру;   15 минут

б) Жаттығулар орындау;             7 минут

ІҮ. Қорытынды:                               8 минут

а) Сабақты бекіту,  қортындылау;

ә) Бағалау;

б) Рефлексия, үйге тапсырма беру.

Интерактивтік тақтадағы слайдқа зейіндерін аудара отырып тыңдайды,  маршурттық картаны басшылыққа ала отырып сабаққа кіріседі.
 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Үй тапсырмасын әр топқа интерактивтік тақтаның көмегімен бес — бес сұрақтан қояды.

І топқа

1. Кермек судың құрамында қандай иондар болады?

2. Өнеркәсіпте ион алмасу көмегімен жұмсақ суды қалай алады?

3. Қайнату әдісі арқылы жойылмайтын кермектік қалай аталады?

4. D — элементтерінің иондану энергиясы периодта қалай өзгереді?

5. D — элементтерінде химиялық байланысқа қай орбитальдың электрондары қатысады?

ІІ топқа

1. Кермек суға қандай қасиеттер тән және кермектіктің неше түрі бар, атаңыз?

2. Корбанаттық керметтік дегеніміз не, олы қалай жоюға болады?

3. Екі кермектікті де жоюғаең жақсы реагент қандай зат?

4. Бұл элементтер қатары неліктен d — элементтері деп аталған және нешінші периодтан басталады?

5. D — элементтерінің сырқы қабатында электрондар саны нешеден аспайды?

Үй тапсырмасын бекіту үшін ББҮ кестесін береді.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін ребустар беріледі,  ребустардан «Қола» және «Жез» деген сөздер оқылады. Бұл қандай заттар? Құйманың құрамы қандай элементтерден тұрады? Ендеше сабағымыздың тақырыбы: «Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстар». Мыс және мырыш туралы оқулықтан тыс мәліметтер береді.

Сабақты өз бетімен меңгеруге І топқа мыс және ІІ топқа мырыш тақырыптарын өз бетімен оқуға 5 минут уақыт беріледі. Оқушыларға нұсқау, бағыт беріп отырады.

Бағыт картасы

•       Әр топ берілген тақырыпты жекелей оқу;

•       Өзара ой бөлісу;

•       Ортақ шешімге келе отырып, постерге түсіру;

•       Постерді қорғау;

•       Қарсы топтың жұмысына “Екі жұлдыз, бір ұсыныс” айту

( Ескерту уақытты тиімді пайдалану ескеріледі )

Биологиялық рөлімен биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ақмарал Ұзақбайқызы баяндап өтті:

Мыс жоғарғы санатты өсімдіктер мен жануарларға қажетті элементтің бірі болып табылады. Ішекте сіңірілген мыс бауырға альбуминнің көмегімен тасымалданады. Сонымен қатар мыс өте көп мөлшерде ферменттердің құрамында бар. Мысалы цитохром-с-оксидазада. Мыс пен мырышы бар супероксид дисмут ферментінде және деоттегін тасымалдайтын гемоцианин белогында бар. Малюскалар мен көпаяқтыларда мыс темірдің орнына оттегіні тасымалдайды. Мыс пен мырыш асқазан жолдарындағы өңделу кезінде бірімен-бірі бәсекелес деп болжанады. Сондықтан екеуінің біреуі ас құрамында көп болса екіншісінің азаюына алып келеді. Дені сау адамға күніне 0,9 мг мыс қажет.

Мырыш қазір кезде 200-ден астам ферменттерде табылып отыр. Мырыш белок синтезінде және нуклеин қышқылдардың синтезінде үлкен роль атқарады. Мырыштың тағам құрамындағы мөлшерінің жетіспеушілігі және болмауы: арнайы микроэлементтердің дамуына әкеледі, ол бой өсуінің төмендеуі сүйек оссификациясының бұзылуы терінің патологиялық өзгерісіне әкеледі. Мырыштың жетіспеушілігі тері беткейінде көрініс береді ,бой өсуінің төмендеуі және балаларда жыныстық жетілудің төмендеуі, жүйке жүйесінің ақаулары байқалады.Мырыштың жетіспеушілігі ағзада қауіпті мөлшерде кадмий және свинецтің жинақталуына әкеледі

Мырыш.

Ол адам және жануарлар қорегіндегі басты эссенциальды микроэлемент болып табылады. Организмдегі құрамы. Адам ағзасында цинк мөлшері 2-3 г, оның 60  % сүйек бұлшық еттерінде кездеседі. Ер адамда 15 мг мырыш қалқанша безінде болады.

Тағам көзі: бауыр, какао, ет,құс, сыр, креветки, греция жаңғағы, балық.

Тәуліктік қажеттілігі: 10-22 мг, жүктілерде -10-30 мг, емізетін аналарда-13-54 мг.

Алмасуы: мырыштың тағамнан сіңірілуі 50% құрамды, белоктық диета мырыштың сіңірілуін күшейтеді, ал фосфат немесе кальцийдің мөлшері керісінше төмендетеді, кальций фитин қышқылы кездескенде мырышты сіңірмейді, фитин қышқылы кальций және мырыш ионымен ерімейтін комплекс түзеді.

Мыс.

Ағзадағы мөлшері. Адам организміндегі орташа мөлшері 75-150мг, 50%  шамасы бұлшық ет және сүйекте болады. Көп мөлшері бауыр, мида, жүрек және бүйректе болады.

Тағамның құрамында кездеседі: бауыр, теңіз өнімдері, гречка, жаңғақ. Сүт өнімдерінде мыстың мөлшері өте төмен.

Тәуліктік мөлшері: 80 мкг/кг балалар үшін, 40 мкг/кг жасы үлкен балалар үшін, 30 мкг/кг ересектер үшін.

Алмасуы. Мыс ішектің жоғарғы бөлігінде, кейбір бөліктер асқазанда альфа амино қышқылдар және арнайы тасымалдаушы белоктардың қатысуымен сіңіріледі. Сульфидтің әсерінен мыстың сіңірілуі төмендейді, олармен ерімейтін тұз түзеді.

Табиғатта таралуын география пәнінің ІІ санатты мұғалімі Альфия Файзоллақызы Қазақстан республикасының географиялық картасынан көрсете отырып баяндап берді:

Мыс табиғатта таза және қосылыс түрінде кездеседі. Мыстың өндірісте қажеттілігі халькопирит CuFeS2 немесе мыс колчеданы халькозин Cu2S және борнит Cu5FeS4 сияқты түрінде қолданылады. Сонымен бірге мыстың басқа да минералдары ковеллин CuS, куприт Cu2O, азурит Cu3(CO3)2(OH)2, малахит Cu2CO3(OH)2 түрінде кездеседі. Мыс кейде таза түрінде де кездеседі. Кейбір жерлерде 400 тоннаға дейін анықталған. Мыс сульфиттері негізінен орташа температураны гидротермальды жерлерде пайда болады. Мыстың кейбір бөліктері құмтөбелермен шөлдерде кездеседі. Бұндай жерлер Ресейде, Қазақстанның Жезқазғанында, Орталық Африканың мыс белдеуінде, Германияның Мансфельд кен орнында бар. Мыс рудасы көбіне ашық әдіспен өндіріледі. Ал рудадағы мыстың мөлшері 0,3-1% ға дейін құрайды.

Мырыш тұздарының маңыздылары: ZnS, ZnCl2, ZnSO4, ZnCO3 Мырыш сульфиді ZnS – түссіз кристалл, суда ерімейді, қышқылдар әсерінен ыдырайды, литопон деген ақ бояу құрамына кіреді. Табиғатта сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит минералдары түрінде кездеседі. Смитсонит (ағылшын минерологы Дж.Смитсонның құрметіне аталған), мырыш шпаты — карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы: ZnCO3, құрамында ZnO — 64,9%, CO2 — 35,1%; қоспалары: Fe, Mn, Cd, Mg, Pb. Агрегаттары түйірлі немесе топырақ тәрізді масса, іркінді түрінде болады. Түсі ақ, сарғыш, сұр, қоңыр; шыныдай жылтыр. Сфалерит (грек. sphaleros – алдамшы), мырыш алдамшысы – сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: ZnS, құрамында Zn – 67,1%, S – 32,9%. Агрегаттары түйірлі, қабыршақ, ұнтақ. Сфалерит – түссіз, ақ, қоспаларына байланысты қара, қызыл қоңыр, жасыл, қызғылт, сарғылт түске өзгереді. Қазақстанда Кенді Алтай, Сарыарқа, Қаратау, Жетісу Алатауының полиметалл, мыс кендерінде кездеседі.

Алынуы мен қолданылуын, сапалық реакцияларын слайд арқылы көрсетіп, мысалдар келтірді. Мыстан және мырыштан жасалынған заттардың суреттерін көрсетті.

Сабақты бекітуге графикалық диктант берілді, оган оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап берулері керек Графикалық диктант / дұрыс + , қате — /

1.Мыс ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан

2.Мырыштың сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар.

3.Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш  қасиет көрсетеді:

4.Мыс қиын балқитын металл.

5.Мырыш екідайлы қасиет көрсетеді.

6.Zn атомы ядросының құрамында 30 р +, 35 n бар.

7.Мыс электр тоғын жақсы өткізеді.

8.Сумен және кәдімгі қышқылдардың ерітінділерімен жеке мыс әрекеттеседі.

9.Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш, қаптамалар жасау үшін қолданылады.

10.Адам организмінде  мыс жетіспесе , қаназдық    (анемия) ауруы пайда болады.

әр топқа өз тақырыптарынан есептер беріледі.  Оқушылардың есепті шығару бағытын қадағалайды, нәтижесін тексереді.

Әр топ мүшелері өздеріне берілген сұрақтарға орындарынан тұрып жауап береді. Топ жетекшісі бағалап отырады. Таймкейпер уақыттың дұрыс жұмсалуын қадағалап отырады. Жауап толық болмаған жағдайда қалған топ мүшелері толықтырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ басшысы бағалап отырады. Ребустарды шеше отырып «Қола» және «Жез» сөздерін оқып, осы заттар мыс және мырыштың құймалары екенін анықтайды.   Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Мұғалім берген оқулықтан тыс ақпаратты тыңдап, жазып отырады.

Берілген тақырыпты топпен бөлісе отырып,  меңгереді. Ұжымдаса отырып ортақ шешімге келе постерге түсіреді. Оны топпен немесе жекелей ортаға шығып қорғайды.   Қарсы топтар бір – бірінің баяндауын тыңдап, «екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады».  Биологиялық рөлі мен табиғатта таралуын пән мұғалімдерінің айтуларынан тыңдай отырып дәптерлеріне түсірді.  Екі топтан бір – бір оқушыдан шығып мыс пен мырыштың физикалық қасиеттерін жазды:

 

Тағы да екі топтан бір – бір оқушыдан шығып «Венн диаграмасына» мыс пен мырыштың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химиялық қасиеттеріне тақтаға бірнеше оқушы шығып химиялық теңдеулерін аяқтап, қажетті коэфициенттерімен теңестірді. Қалған оқушылар өздерінің жазғандарын тақтамен тексеріп, түзетіп отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тыңдай отырып, алыну теңдеулерін дәптерлеріне жазып алды. Өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.

 

Сабақтан алған теориялық білімдерін интерактивтік тақтадан графикалық диктант сұрақтарына «ия» немесе «жоқ» деп жауап берді. Топ басшылары оқушылардың жауаптарын бағалау парақтарына түсіріп бағалап отырды. Екі топқа бір – бір есептен берілді.

1.Мыс (II) хлоридінің ерітіндісіне темір тақташасын салған кезде 3,2 грамм металл мыс бөлінді. Мыс хлоридінің массасын табыңдар

2.  Металл мысқа концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінді. Реакцияға түскен мыстың массасын есептеңдер.                             

Берілген есептерді жекелей орындайды. Топ басшысы тексеріп бағалайды.

Қорытынды

 

 

 

Бағалау парағымен тағы да бір таныстырып өтеді.

 

1.        Кітаптан оқу  1 балл

2.        Кітап сөзімен жатқа айту 2 балл

3.        Түсініп өз сөзімен айту 3 балл

4.        Мысалдар келтіре отырып, өмірмен байланыстыру  4 балл

1.        Есептің берілгенін ғана жаза алса 1 балл

2.        Берілгенін және табу керекгін дұрыс жазса 2 балл

3.        Есептің теңдеуін дұрыс жаза білсе 3 балл

4.        Есептің шығарылу алгорифмін дұрыс орындаса 4 балл

5.        Есепті соңына дейін дұрыс шығарса 5 балл

1.        18-23 ұпай “5”

2.        13-17 ұпай “4”

3.        6-12 ұпай “3”

4.        5 ұпайға дейін “2”

Сабақтан алған әсерлері бойынша рефлекция беру үшін топ басшыларына сөз беріледі. Үйге тапсырма береді.

Бағалауға нұсқау беру, көшбасшыларға бағалауға коментерий бергізу, рефлексия парағын тарату, оқушылармен қоштасу,

Топ басшысы бағалап отырады. Топтан Топ басшысы сабақ бойына алған балдарын есептеп мектеп бағасына айналдырады. Бағалауын таныстырып, коментарий беріп өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекция парағына сабақтан алған әсерлерін жазып шығады. Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазып алады. Сабақта пайдаланылған құралдарды, парақшаларды жинастырады. Мұғаліммен қоштасады..

Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер