Екі дос. М.Қуанышбеков сабақ жоспары

Тақырыбы: Екі дос. М.Қуанышбеков.

Мақсаты:

а) білімділігі: Балалардың достық ,қамқорлық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,шығармадағы негізгі ойды табу.

ә)тәрбиелілігі: Мейрімділікке өзара  көмек пен қажет,татулық,достық,адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру,қайырымдылыққа,достыққа тәрбиелеу.

б)дамытушылығы: достық,өзара көмек дағдыларын дамыту.Сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.

Көрнекілігі: тірек сызбалар,сөздік,мақалдар,автор суреті,венн көрсетуі,интерактивтік тақта.

Сабақтың әдісі : әңгімелесу,сұрақ -жауап,талдау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,еңбекке баулу,музыка.

Сабақтың типі:жаңа форматты сабақты хабарлау.

Сабақ барысы:

                          I .Ұйымдастыру бөлімі.

  1. Психологиялық дайындық.

Амансыңба,Алтын күн!

Амансыңба,Көк аспан!

Амансыңба,достарым

Сендерді көрсем қуанам.

3 топқа бөлдім:I топ

                           II топ

                          III топ

     

III. Тіл дамыту жұмысы.

      I топ Мақал-мәтел айт.

    II топ Жаңылтпаш туралы

   III топ Тақпақ айту

IV .Үй тапсырмасын тексеру

    Оқудың түрлері (іштей ,ызыңдап)

I топ”Нансыз бір күн”эссе тыңдау.

II топ Түсінігін тыңдау

 III топ Өткен тақырып бойынша сұрақ қою.

Әңгімелесу:

Балалар: Екі көз не үшін керек?

Екі құлақ не үшін керек?

Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін

Қол ұстасып,дос болып жүру үшін керек.

V.Жаңа сабақ. Үнтаспадан М.Мақатаев-тың, Достық өлкесінің заңы өлеңін тыңдаймыз.

Бұл өлеңде не туралы айтылған?

Бұл өлең таныспа?

Бұл кімнің өлеңі?

Ендеше жаңа сабағымыздың тақырыбы”Екі дос”авторы М.Қуанышбеков,ел ауызынан алынған аңыз әңгіме.

Автор туралы түсінік беру.

(Автордың бұл шығармасы) Екі дос- ел ауызнан алынған ауыз әңгіме.

Ауыз дебиетінің бір түрі аңыз әңгіме. Аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып араласып келеді. Аңыз әнгімеде көбінесе тарихта болған адамдар жайлы айтылады. Ол адамдар батыр, ел құрметіне бөленген атақты данышпан, ғалым, ел басшысыда болуы мүмкін.

Болжау стратегиясы бойынша жаңа сабақты талдау.

Сұрақ-жауап

I топ.       1. Қазақтардың төс қағысып дос болуы?

  1. Тұтқиылдан жасалған шабуыл.

 

II топ.       1. Достардың біреуінің жау қолына түсуі?

  1. Өзінің өмірін киюы.

 

III топ.       1.Екі досты не үшін тұтқыннан босатты?

  1. Олардың орнында сіздер не істер едіңіздер?
  2. Сөздік жұмысы.

Дамылдау – демалуға тоқтау.

Қолың қол —  көп әскер

Тұтқиылдан- оқыстан, кенеттен.

Қолға түсу- ұсталып қалу.

VII. Сергіту сағаты; «Әкел досым қолыңды.»(Шаттық шеңбері).

Топпен жұмыс.

   I топ      Қимас досың сұраса,

Қимасыңды бересің.

II топ.   Достық туралы мақал-мәтел айту.

 

III топ  Достық туралы Венн көрсетуі.

 

Жауаптары: 1-топ. Адал достық тілеймін

Ынтымақтастық тілеймін

Татулық тілеймін

Бірлік тілеймін

Досымсені сыйлаймын.

  • Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бір-бірін ренжітпейді. Қуантқысы келеді.Сондықтан шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуі болар, нағыз достар қиын сәтте көмекке келеді.

2-топ.    Мақал- мәтел айтады.

ер

 

 

3-топ.     Адал, шыншыл,    көрші                дос        қыз

нағыз жомарт,

сенімді.                                          құрбы.

  • Кейде біз асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Одан досыызды ренжітіп аламыз. Нағыз достар бір-бірін ренжітпейді. Қиын сәтте көмекке келеді. Қадыр тұтады.

Қорытындылау. Ақтамберді жыраудың

«Балаларға өсиеті» өлеңін оқып беру.

Балаларыма өсиет,

Қылмаңыздар көп ниет

Бірлігіңнен айырылма

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке,

Қылмасын жұр келеке,

Араз болсаң алты ауыз

Еліне кірген әлекте.

 

XII. Үйге тапсырма.1) Мәтінді оқу

                                   2) «Досым саған рахмет» эссе жазу.Өз досыңнын жақсылығы үшін.

  1. Бағалау.

                   Сабақ аяқталды