Мүшел жас. Б.Момышұлы. сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу. Қысқа мерзімді жоспар.

Сыныбы: 2 «Б» Күні 10. 10.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы:
Мүшел жас. Б.Момышұлы.

Мақсаты:
Салт-дәстүрдің бірі – мүшел жас туралы ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер:


А Мәтін идеясын түсінеді.

Қажетті құрал-жабдықтар:

В Әртүрлі мүшел жасқа тән ерекшеліктерді ажыратып сипаттайды.
Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма: С Мүшел жаста туған күнді тойлау қажеттілігі туралы пайымдауларын дәлелдеп қорытындылайды.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
2 мин Психологиялық дайындық
Оқушылармен сенімді қарым қатынас орнату.
Артық сөзді тап: Бұқар жырау, шешендік сөздер, бәйтерек, Қожанасыр, бесік жыры, салт-дәстүрлер, компьютерлік ойындар т.б.
Ой түрткі: «Атадан қалған асыл мұра» дегенді қалай түсінесіңдер?

Үй тапсырмасын тексеру.
-«Тұсау кесу жыры» өлеңін «Джокер» әдісі бойынша тексеру.
-Үлкендердің бесік жырын айтқанын видеоға түсіру, подкасттарын тексеру.
-Венн диаграммасы арқылы «Бесік жыры» мен «Тұсау кесу жырын» салыстыру, ортақ белгісін анықтау.
Кері байланыс: марштуттық картаның, Блоб ағашының қорытындысын айтып кету.
Оқушы ойланып артық сөзді тауып, жауаптарын тұжырымдайды.

Өткен сабақты еске түсіреді, интерпретация жасайды.
«Бесік жыры »
мен «Тұсау кесу жырын» салыстырып талдайды.
Тұсау
кесер

2 мин Видеоролик көрсету. «Бүгін менің туған күнім» М.Мақатаев таныстырылым.
Бұл өлең жолдары кімге арналып айтылды деп ойлайсыңдар? көршілерімен жұптасып талқылайды,топта талқылайды.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болатынын аңғардыңдар ма?
— Ендеше сөзжұмбақты шешейік.
— М 3 50* жас
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу. Бүгінгі такырыпка сай не үйреніп білеміз деп ойлайсындар?
Сабақтын табыс критерилерін анықтау:
1) Мәтін идеясын түсінеміз.
2) Мүшел жасқа тән ерекшеліктерін ажыратып тұжырымдаймыз.
3) Мүшел жаста туған күнді тойлау қажеттілігі туралы ой бөлісеміз. Видеороликтен өлеңнің мағынасын түсінеді, тақырыбын ашады.
Оқушылар өз ойларын айтады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашу.
Негізгі бөлім:

1 мин
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінен алынған үзінді «Мүшел жас» мәтінін оқимыз. Зерттеушілік әңгіме:
Ойлануға түрткі сұрақтар:
Мүшел жас дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа елестетіңдер, бұрын естіп пе едіңдер?


Бауыржан Момышұлы туралы не білетіндері бойынша топтастырады (сөзге ассоциация құрастыру)
— Мәтінді абзацтарға бөліп сыбырлап оқу, жұпта, топта талдау.
— Сергіту сәті: «Папарацция»
Топта постер дайындайды:
1 топқа Әңгіменің авторы туралы ой бөліс, бұрынғы замандағы туған күнді тойлау әдетін жазушы қалай түсіндіреді?
2 топқа Алғашқы мүшел туралы не білдің? ойлан-жұптас-бөліс.
3 топқа Екінші мүшел баланың 7 жасқа толуы. (екінші мүшелдегі балаға ата-анасы, елі қандай үміт артады?
Өзіңнің және сыныптастарыңнын қай мүшелде екенін анықта)
4 топқа Келесі мүшел-13 жас. байланысты мақал келтір, оның мағынасын түсіндір?
Жасап болған соң тақтаға ілгізіп, әр топ жеке-жеке қорғайды.
Рефлексия :2 жұлдыз,1 ұсыныс.

Кедергісі бар балаға: Сендерде өміріңізде осындай мүшел жас тойланды ма? («жадылық серуен» техникасы) Сендер нешінші мүшелге келдіңдер?

Мүшел жас-ассоциация құру Слайд
«Мүшел жас» кестесін толықтыру.
Алғашқы мүшел- баланы қырқынан шығару
2-ші мүшел-7 жас
13 жас – ер жете бастау, Азамат мүшелі;
25 жас – жігіттік шақ;
37 жас – ақыл тоқтатқан кезең;
49 жас – орта жас;т.б
Адамның мүшел жасы әрбір 12 жыл сайын кіріп отырады. Бір жылда 12 ай бар. Мұнда да бір байланыстың бары анық.
Кедергісі бар балаға: айтылған мүшел жастарды өз сөзіңмен қайталап айтып жіберші? («қайталау» техникасы)
— Отбасында туған күн мерекесі қалай аталып өтіледі?
.

Мәтіннің мазмұнымен танысады.
Оқушылар топтарда мәтінді оқып, бірге талқылайды.

Постер дайындауда топтар алдына қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сол сұрақтар төңірегінде ойларын біріктіреді.
«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» білдіреді

Мүшел жас пен жыл сайын атап өтілетін туған күндерге көзқарастарын саралап, олардың айырмашылығын айту.

Қорытынды: — Т кестесі стратегиясын қолдана отырып, мүшел жас мерекенің жақсы-жаман жағын ажыратып жазайық.
жақсы жаман жаман

Түрткі сұрақ: Туған күнді бұрынғыша тойлауға келісер ме едің?

Рефлексия: Блоб ағашысалыстырмалы түрде 2 күннің рефлексиясын айтады.

Үй жұмысы:44-45 бет мәтінді түсініп оқы.
Туған күнді тойлау-эссе жазу.
Постер қорғау

Рефлексия. Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың өзіндік талдауы: Б.Момышұлының «Мүшел жас» әңгімесінің идеясын түсіндіру мақсатында, әртүрлі мүшел жасқа тән ерекшеліктерді ажыратып сипаттау, мүшел жаста туған күнді тойлау қажеттілігі туралы оқушылардың пайымдауларына сүйене отырып сабағымды ұйымдастырдым.
Сабақ басында оқушылармен сенімді қарым қатынас орнату мақсатында, сабаққа сәттілік тілектен бастадым.
Сындарлы оқытуға негізделген сабағымды оқушылардың өз білімдеріне сүйеніп,сұрақтар қойып,білімдерін тереңдету мақсатында сабақты «Артық сөзді тап» дидактикалық ойыннан бастадым. Бұндағы мақсатым өткен тарауды еске түсіру. Құзырлы оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсіну. Ой түрткі сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өткен сабақты еске түсіреді, интерпретация жасады.
Үй тапсырмасын тексеру «Тұсау кесу жыры» өлеңін «Джокер» әдісі бойынша еске түсірдік.Бұл әдісті оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін қолдандым. Осы сабағымда өткен сабақпен сабақтастық орнату мақсатында оқушыларға үлкендердің бесік жырын айтқанын видеоға түсіру, подкасттарын жасау тапсырма берілген. Подкаст- балалардың өз жұмысымен бөлісудің керемет тәсілі.
Подкаст жасаудың балаларға қандай пайдасы бар?
-Өз жұмысын үлкен аудитория алдында көрсетеді,
-Баланың жұмысы туралы кері байланыс жасау.
-Балалар бір-бірімен ынтымақтасуға тырысады.
СТО технологиясының Венн диаграммасы арқылы «Бесік жыры» мен «Тұсау кесу жырын» салыстыру, ортақ белгісін анықтау.Балаларды дәйектеуге, талқылауға тарту оқушылардың оқуының тиімділігін артады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Wolfe and Alexander6 2008)
Сабақтың тұсау кесу бөлімін «Бүгін менің туған күнім» М.Мақатаев өлеңіне жазылған аудиожазбадан бастадым. Бұл тапсырманы мен тәжірибемде сабақтың тақырыбын ашуға, ақпарат жинау негізінде алдым. Мен бұл идеяна ақпарат жинау үшін лайықты деп оқушыларға жұпта талдау жасауды тиімді деп қорытыныға келдім. Бұл өлең жолдары кімге арналып айтылды деп ойлайсыңдар? көршілерімен жұптасып талқылайды, топта талқылайды. «Сөзжұмбақ жасыру» дәстүрлі оқытудан алған әдіспен оқушылардың жаңа білімін байланыстырдым, көпірше ретінде. Оқушы оқу үдерісне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.Сабақ құрылымында оқушылар не білетінін және нені жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырыстым.Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы таныстырылым жасап.
Зерттеушілік әңгіме:
Мүшел жас дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа елестетіңдер, бұрын естіп пе едіңдер? Өз ойларын ашық білдіріп,сөйлесе отырып сыни ойлауға итермелеп отырдым.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты сұрақтардың әртүрлі техникасын пайдалану керектігін түсіндім.
— Сергіту сәті: «Папарацция» сергiту cәтiнде оқушылардың демалуы бойларына қуаныш ұялатып ,тұйық оқушылардың ашыла түcуiне ықпал еттi және сабаққа ынтамен кірісті.
Топта постер дайындау, берілген тапсырма бойынша бірлескен түсінік қалыптастырып, идеялармен пікір алмасып, бірге ойлауға мүмкіндікті иеленіп бірлесіп флипчарт дайындады. Осы постер жасау кезінде талантты, дарынды балалардың орташа оқушыларға cен тиме, бүлдiреciң деген еciкертпелерiн байқадым. Сол кезеңде оларға топ ережесін еске түсіре отырып жұмыстануды ұсындым. Өйткені, ережеде топта тату болу, бірігіп жұмыстану деген өз сөздері бар еді.
Әр топтан бір өкіл шығып флипчартты қорғады. Оқушылар өздерінінің сыныптастарын бағалауда «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» білдіріп. Оқушылар баcтапқы бағалаудағыдай емеc бейiмделе баcтады , алайда , суретті үлкенірек етіп салса , түстерін қанығырақ етіп бояса деген сөздерді айтумен ғана тоқталды. Оқушылардың сөздік қорлары, байланыстырып сөйлеу тілдері жеткіліксіздеу болды.
Деңгейлік тапсырма А-тобындағы оқушыларға « Айтылған мүшел жастарды өз сөзіңмен қайталап айтып жіберші? сұрақ қою арқылы өзінің нәтижесін жақсарту үшін «қайталау» техникасын қолдануды жөн көрдім.Сабақты қорытындылауда СТО технологиясының Т-кестесі, ассоциация құрастыру болды.Сабақтың қорытындылау бөлімі жоспарлауым бойынша Кері байланыс жасау мұғалімнің келесі күнге жоспар жасауына үлкен көмегін тигізеді. Тарауды алғаш бастағанда «Блоб ағашын» бояту арқылы кері байланыс жасауға, тарау аяқталғанда қайта ұсынғанда көпшілігі жоғарғы жағын бояуға талпынғанын байқауға болады. Одан оқушылардың тарау бойынша алынған мәліметтерді жақсы түсінгендері байқалады

Сабақ бойынша өзгертулер