«Ақын өлімі туралы аңыз»

Cабақтың тақырыбы: «Ақын өлімі туралы аңыз»

 

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақынның өзіндік мұратын таныту, «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу; тәрбиелік – автор поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,табандылыққа тәрбиелеу; дамытушылық —  оқушының сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын және ой-өрісін кеңейту.


 

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қасым Аманжолов шығармалар жинағы (3-том), интерактивті тақта,теледидар,бүктемелер.


Сабақ барысы.

Ұйымдастыру: амандасу,сынып тазалығын тексеру,оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау. «Өзім туралы» өлеңін жатқа сұрау.Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы,өлең құрылысына талдау.

Жаңа тақырыпты игеру. Тақырыпты меңгертпес,түсіндірмес бұрын оның «Туған жер» әні (клипімен) тыңдалады.

 

Ақын өлімі туралы аңыз

   Тақырыбы: ерлік пен батырлық.

Идеясы: Абдолла ерліктерін суреттеу арқылы келешек ұрпақты отансүйгіштікке,ерлікке баулып жігерлендіру.

Алғашқы аты : «Абдолла» (1943ж.)

Кейіпкері : Абдолла Жұмағалиев.

Жанры : поэма.

Жау қоршауында жалғыз қалып арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі.Ол соңғы гранатын немістерге лақтырады да,ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады.

В.Григорьев.

Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлең негізінде екі түрлі үлгіде жазылған: жалпы жауынгерлерге тән сипатты біріктірген жиынтық бейне және нақты аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады.Бұл жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады.Поэма Абдолла өмірінің соңғы кезеңдерін суреттеуге құрылған.

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығарманың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы,қаһарлы кекке,жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поэзия тілі

Айнала жау ырсыл қағып,             а

Айдаһардай ктерді бас.                  б

Кетті ілезде қызып,жанып             а

Дүниедегі бір ұлы айқас.               б

Зілзәла боп жер мен аспан,            а

Соқты ұйытқып оқ бораны.           б

Қан кілкіте қара тастан,                 а

Түрткіледі кең даланы.                  б

 

Қорытынды.

           Көк жүзінде көк жұлдыз бар,

          Бірі сөніп,бірі қалар.

          Кейде жылы,кейде ызғар

         Табиғаттың күні болар.

                   Күндер шіркін өте берер

                  Зырлап,зулап,асыр салып.

                 Ақын даңқы кете берер,

                Алар оны ғасыр танып.

                                           Сырбай Мәуленов.

 

Үйге тапсырма: поэманы оқу,үзінді жаттау,Абдолла Жұмағалиев туралы материалдар жинау.