Ғабдолла Тоқай «Өмір жолына қадам басқандарға»

Сабақтың тақырыбы:       Ғабдолла Тоқай      «Өмір жолына қадам басқандарға»                     

Сабақтың мақсаты:

а)  көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;


ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                       Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Жазушы Сьюди мен  Джонсидің  достығын қалай суреттейді?
  2. Науқас Джонси терезеден нені көріп санап жатты?
  3. «Соңғы жапырақ түскен күні мен өлемін»  деуінен неге қауіптенеді?
  4. Джонсидің айығуына не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

          Татардың жаңа бағыттағы реалистік  әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы ақын, көсемсөзші,аудармаш, азаттық жыршысы,гуманист , күрескер Ғ.Тоқай  1886 жылы Татарстанның Арск  ауданының  Кушлауч ауылында дүниеге келген.

 Дәптермен жұмыс:   Өлеңнен ақыл- кеңес беретін сөздерді теріп алып,дәптерлеріне жазады.

 Шығармашылық жұмыс:   «Ел алдындағы қарызым мен парызым» тақырыбының айналасында  пікірталас жүргізеді.

Білімді бекіту:

              Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Өлеңдегі түйінді ойды қалай түсіндіңдер?
  2. Сәби шағын,мектептегі «тұтқын» күндерін неге аңсайды?
  3. Өлең құрылысының өзіндік ерекшелігі неде?

Білімді бағалау:

                       Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:     Қайталау