Мақал – мәтелдер
Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5 «Ә»
- Күні, айы, жылы: 09.2014
- Тоқсан: І
- Мұғалім: Ж.Юнусова
- Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.
2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Отан, туған жер, халық, еңбек, ерлік, батырлық туралы мақал – мәтелдерді жаттау
- Мақал – мәтелдер туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мақал – мәтелдер ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал – мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал – мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақарлад жасап отырған. Мақал – мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдерді өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер ма,ынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.
Ақын – жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы « Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.
Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
VІ. Түсінік тексеру:
- Мақал деген не?
- Мәтел деген не?
- Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
- Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата?
- Мақал мен мәтелдің құрылымы жағынан айырмашылықтарын ата.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Топтастыру әдісі:
Аяқталға
сөйлем
Мақал |
ой тиянақты
дәлелді
салыстыру екі
бөлімді
сөйлем
немесе сөз
Мәтел |
топшылау тіркесі
мағына
қорытынды тұспалды
пікір
дәлелдеу
жоқ
VІІІ.Сабақты қорыту:
- Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
- Ынтымақ, бірлік, татулық, достық, жолдастық, оқу, білім, өнер, адамгершілік туралы мақал – мәтелдерді жаттау
- Мақал – мәтелдер туралы түсінік.