Қанатты, нақыл сөздер туралы

 

 

 

Сабақ жоспар

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 17.09.2014
  4. Тоқсан: І
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

 

Сабақтың тақырыбы:  Қанатты, нақыл  сөздер туралы


Сабақтың мақсаты
:    а) білімділік: Алдыңғы сабақта наурыз өлеңдері, мақал мен мәтел туралы олардың ерекшеліктері  туралы алған білімдерін    тексеру мақсатында түрлі тапсырмалар бере отырып, алған білімдерін еске түсіру және  бекіту. Мақал-мәтелдерді ажырата білуге үйрету, оларды  жаттата отырып, сөздік қорларын кеңейту,  күнделікті өмірде  жай сөздердің орнына мақалдарды  пайдалана білуге үйрету.
ә) тәрбиелік:
Тіл, Отан, достық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді бере отырып, өз тілін құрметтеуге, туған жерін, Отанын сүюге, досын, ата-анасын қадірлеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық:  Үйге берілген тапсырманы орындата отырып, өз бетімен еңбектенуге, екі топқа бөле отырып топпен жұмыстана білуге дағдыландыру. Екі топты жарыстыру, ребустар шештіру арқылы  шапшаң ойлау, есте сақтау, ойын жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі:  ребус, суреттер, /интерактивтік тақта/.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістәсілі : Топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

 І  Ұйымдастыру бөлімі.
—  оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқу құралдарының  түгелдігін қадағалау.  Балалар, біз өткен сабағымызда мақал- мәтелдермен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты — осы өтілген тақырыпты есімізге түсіре отырып ойымызды жинақтау, алған білімімізді бекіту және қанатты сөздер мен нақыл сөздерді меңгеру. Кәне, есімізге түсіріп жіберейік.
Мақал, мәтел деген не? Мақал мен мәтелді қалай ажыратамыз?

-Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс түрінде өтпек, сынып оқушылары екі топқа бөлінді.
І кезең – үй тапсырмасы (топ жетекшісі тұрып берілген сурет бойынша құраған әңгімелерін оқып береді).

ІІ кезең – «Кім жылдам…» /мақал-мәтел сайысы/

ІII кезең – «Сиқырлы сандықша» (грамматикалық тур)

 

І кезең. Үй тапсырмасының шарты: әңгіменің ішінде тұрақты тіркестер болуы міндетті.

ІІ кезең. «Кім жылдам» деп аталады. Бұл кезең 2 тапсырмадан тұрады.

  1. Ітапсырма- тақтада 10 мақал 30 секунд көрсетіліп, жабылады. Осы уақыт ішінде оқушылар жаттап үлгеруі тиіс. 2 минут уақыт беріліп, оқушылар есінде сақтағандарын жазады.

1.Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге.

2.Ақылды қария- ағып жатқан дария.

3.Туған үйдің түтіні жылы.

  1. Ер қанаты- ат.
  2. денсаулық- зор байлық.
  3. Өнер алды- қызыл тіл.

7.Көз қорқақ, қол батыр.

8.Еңбек түбі- береке.

9.Жігітті жолдасынан таны.

10.Сабыр түбі- сары алтын.

ІІ тапсырма— берілген мақалдың жалғасын табу керек.

  1. Не ексең…/соны орасың/
  2. Тұз астың дәмін келтіреді,мақал …/сөздің сәнін келтіреді/
  3. Қоянды қамыс өлтіреді, …./жігітті намыс өлтіреді/
  4. Көп сөз көмір, …./аз сөз алтын/
  5. Ақыл тозбайтын тон, білім…/таусылмайтын кен/
  6. Оқу – білім азығы, білім- …./ырыс қазығы/

 

«Афоризмдер» (нақыл сөздер) туралы түсінік беру.

—         Алдымен тақтаға назар аударайық, мына суреттегі адамдар сіздерге таныс па?

/Тақтада суреттер көрсетіліп, әр суреттің астында нақыл сөздер жазылған).

  1. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» /Ы.Алтынсарин./
  2. «Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі» /Б.Момышұлы/
  3. «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмақ» (М.Әуезов)
  4. «Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл- қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл»  /Н.Ә.Назарбаев/

Нақыл сөз (афоризм)- мағынасы терең ойды қысқаша бейнелейтін, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар.

 

ІІІ кезең. «Сәйкесін тап».Тұрақты тіркестерге қатысты суреттер беріліп, жазылған тұрақты тіркестерді суреттермен сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіруі қажет.

төбе шашы тік тұрды.                                             -кірерге тесік таппады.

 

-соқырға таяқ  ұстатқандай.                                  -төбесі көкке жетті.

-көзі жету /сену/.                            -таудан тас арқалау/азаптану/.

-жел аяқ/жүйрік/.                                    — құралайды көзге атқан /мерген/.
-арасынан қыл өтпейтін/тату/.  —                                   қолы ашық/жомарт/.

  ІV кезең – «Сиқырлы сандықша» (грамматикалық тур).

1) Екі топқа бір сөзден беріліп, сол сөзге синонимдес болатындай тұрақты тіркестерді тауып жазу керек./интерактивтік тақтада/. Және берілген сөзге фонетикалық талдау жасалады.Тапсырманы  2 топтан бір оқушыдан тақтаға шығып орындайды.

Асығы алшасынан түсті    

Жолы болды                       Айы оңынан туды

Тасы өрге домалады       Жұлдызы оңынан туды

 Көзі алақандай болу

Қорқу                                    төбе шашы тік тұру

Зәресі зәр түбіне жету    

Зәре құты қалмау

Ж –дау-з ,ұяң                                                                   Қ- дау-з,қатаң

О-дау-ы,жуан, ашық,еріндік                                           О-дау-ы,жуан, ашық,еріндік

Л-дау-з,үнді                                                                      Р-дау-з,үнді

Ы-дау-ы,жуан,қысаң,езулік                                            Қ- дау-з,қатаң

У- дау-ы,жуан, еріндік,ашық

Б-дау-з,ұяң

О-дау-ы,жуан,ашық,еріндік

Л-дау-з,үнді

Д-дау-з,ұяң

Ы- дау-ы,жуан,қысаң,езулік

Қорытынды.

—         Балалар, сонымен бүгінгі сабағымызда тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді есімізге түсірдік. /Интерактивтік тақтада №1кесте көрсетіледі/.Қанатты сөздердің бізге күнделікті өмірде өз ойымызды жеткізуде сөзімізді әсерлі, көркем етіп жеткізуде маңызы зор екенін байқады. Өз ойымызды жай  қарапайым сөзбен айта салмай, мақал-мәтелдермен,тұрақты тіркестерді кірістіре отырып сөйлесек, сөзіміз өтімді, ұтқыр болады.

Бағалау.

—         Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы.

—         Өткенді қайталау

—         Салыстыру диаграммасы. Мақал мен мәтелдің ұқсастығы, айырмашылығы.

—          Нақыл сөздерді оқу