«Ер Төстік» ертегісі
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 26.09.2014
4.Тоқсан: І
5.Мұғалім: Ж.Юнусова
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі оның тақырыбы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ер Төстік ертегісінің тақырыбын аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ертегілер туралы түсінік.
- Қалаған ертегі оқып келу
ІІІ. Білім тексеру:
- Ертегілерде нелер баяндалады?
- Ертегілер бізге қалай жеткен?
- Ертегілердің қанша түрі бар?
- Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?
- Қиял – ғажайып ертегілер деген не?
- Ер Төстік ертегісі қандай ертегіге жатады?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
* Жоспар құру. Осы жоспар бойынша бөлімдерге бөлу.
- Ер Төстіктің дүниеге келуі
- Өрмек тоқып отырған кемпір
3.Ер Төстіктің ағаларын іздеуі
4.Ерназардың ұлдарының елге келуі
- Ерназардың келін алуы
- Бекторының тұсау құруы
- Ерназардың жалмауыз кемпірдің құрсауына түсуі
8.Ер Төстіктің достары
9.Жер асты оқиғасы
10.Кенжекейдің ақылы
11.ЕрТөстіктің әкесін құтқаруы
* Ерназардың тоғыз ұлына келін іздеген жерін тауып оқу.
* Кенжекейдің Ер Төстік туралы жаман ойлап, зарлана бастаған жерін тауып оқу.
VІ. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
жанашыр
адал
Ер Төстік |
қайырымды мейірімді
айлалы кішіпейіл
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
- Оқулықпен жұмыс.
- Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жасаңдар
- Ертегіден халық тұмысына, сенім – нанымына байланысты әдет – ғұрып, салт – сана көріністерін тауып, әңгімелеңдер.
- Ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.
4.Ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік
- Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.