«Аяз би» ертегісі, мазмұны

                                                          Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»


3.Күні, айы, жылы:  02.10.2014

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:  Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі,  мазмұны

Сабақтың мақсаты:


1.Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы  түсінік  беру, мазмұны мен құрылымын талдату.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге  тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық  ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру,  сөздік қорларын  молайту,  шығармашылық қабілетін  ұштау.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: ойын  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ  әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1.      Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ер Төстік ертегісі  туралы  түсінік

  1. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
  2. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Ер Төстіктің  ертегінің  ұнаған  жері  туралы  шығарма  жазыңдар.
  2. Ер Төстіктің ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  салыңдар.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* Сабақтың  шарты :  Сабақ  негізінен  үш  ойыншымен  жүргізіледі.  Қалған  оқушылар  сарапшылар  болып  табылады.

І бөлім: «Табалдырық» Ойыншылар  өздері  конверт  таңдап  алып,  сұрақтарға  жауап  береді.

Бірінші ойыншыға:

  1. Уәзірлер не  үшін  Жаманда  адамның  жаманы  деп  шешті?
  2. Хан уәзірлерімен  келісіп,  Жаманның  әйелін  алу  үшін  Жаманды  қайда  жұмсайды?

Екінші   ойыншыға:

  1. Уәзірлер не үшін  құстың  жаманы  деп  қырғауылды  таңдады?
  2. Хан Жаманды  қайда  көшіріп  жібереді?

Үшінші  ойыншыға:

  1. Жаман не үшін шөптің  жаманы  қарақоға деді?

 

ІІ бөлім: Қозыкөш.

Бірінші  ойыншыға:

  1. Барсакелместегі «інжілі қой»  ертегіде  қалай  суреттелген  және  хан оған  не  үшін қызықты?
  2. Жаман тұлпардың  сиырға  шатыс  екенін  қалай  білді?

Екінші  ойыншыға:

  1. Барсакелместегі «інжілі үйрек»  ертегіде  қалай  суреттелген  және  хан оған  не  үшін қызықты?
  2. Жаман гаухар  тастың  ішінде  құрт бар екенін  қалай  білді?

Үшінші  ойыншыға:

  1. Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы »  ертегіде  қалай  суреттелген  және  хан оған  не  үшін қызықты?
  2. Жаман ханның  наубайдың  баласы  екенін  қалай  білді?

 

ІІІ бөлім: Беласар.

  1. «Е, шырағым, жасым  сексенге келгенде  біреудің  қанын  жүктеп не  қылайын? Бір  сыр  бар  еді, оны  тәңірінің  өзі  ғана білетін  еді,  мен білетін  едім».  Осы  сөз  кімнің  сөзі?
  2. Ертегіде Жаманды  дарға  асып  өлтіргелі  жатқанда  кеоген  адам  қалай  бейнеленген?

Екінші  ойыншыға:

  1. Ханның әкесінің  аты  кім  еді?
  2. Жаман неліктен  ханға  шынын  айтпаған  еді?

Үшінші  ойыншыға:

  1. Меңді сұлу  Жаманды  өлімнен құтқарып, дардың  жібін  қиып, көкірегіне  қылышын  тастап  кеткені  оның  не  дегені?  (Мен  үшін  күнәсіз  өлме, ерлігіңді  көрдім. Қылыш үстінде  серт  жүрмейді  деуші  еді, антыңды  қайтып  ал , дегені  еді).
  2. Уәли байдың  қызы  Меңді  сұлуға  келген  бай  балалары  мен  бай  балалары  қыз  берген  заттарды  көргенде неге  ашуланатын? («Менің  үйімде пышағым  жоқ па, болмаса  қазынамда  гауһар   тасым  жоқ па, я  тіпті қайрақ  таба  алмай  жүрмін  бе?)

ІV  бөлім: Мәре

Бірінші  ойыншыға  ІҮ бөлімнің  сұрағы

  1. Хан шаңыраққа  қарап , ойланып  жатып,  қырық  уәзіріне  қандай  жүмбақ  жасырады? (жау  шапты, ел  бүлінді, апат  соқты)
  2. Жаман Барсакелместен  келгенде  ханға  не  дейді?(Уәзірлер  шығарып  салған  соң, бір  аш  арыстан  соңымнан  қалмады. Мына  жауды  мұқатайын  деп, қылышымды  суырып  алып қуып  кеттім. Осы  сіздің  ордаға  кірді ме  деп  отырмын)

Екінші  ойыншыға  ІҮ  бөлімнің  сұрағы

  1. Жаманды шақыруға  хан  бір  адамды  жібереді. Жіберген  жігітті  барып, үйден  сығалап  қараса, төрде  төсек  үстінде  Жаман  жатыр. Ал Жаманның  әйелі  оы  уақытта  не  істеп  отыр  еді?(әйел  төрдегі  айнаға  қарап, өз  көркіне  таңғалып  отыр  екн).
  2. Жаман өзі  хан  болған  соң  ордасының  маңдайшасына  не  шегелеп  қойды? (жыртық  тоны  мен  жаман  тымағын)

Үшінші  конверттегі ІҮ бөлімнің  сұрағы

  1. Шегелеулі тымағы  мен  тонына  қарап,  Жаман   не деп өз көңілін  басатын? (« Ай, Аяз, баймын  деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді  біл, Құмырсқа жолыңды  біл)
  2. « Аяз би» ертегісі  ертегінің  қай  түріне  жатады?

 

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Топтастыру стратегиясы:

 

                                                                                  жанашыр

адал

 

 Жаман

қайырымды                                                        мейірімді

 

 

 

айлалы                                                                    кішіпейіл

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.