«Сырттандар» ертегісі

                                                            Сабақ жоспары

1.Пән аты:  Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»


3.Күні, айы, жылы: 10.10.2014

4.Тоқсан: I

5.Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:  «Сырттандар» ертегісі

Сабақтың мақсаты:


1.Білімділік: оқушыларға  ертегінің  мазмұнын  ұғындыру,  кейіпкертерге  мінездеме беруді  үйрету.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, оқу-өнерді насихаттау.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, өзіндік пайымдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:  Ертегілер  жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

1 «Аяз би» ертегісі  туралы  түсінік

  1. Ертегі кейіпкерлерінің суретін  салу.

 

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Ертегілерде нелер  баяндалады?
  2. Ертегілер бізге қалай  жеткен?
  3. Ертегілердің қанша  түрі  бар?
  4. Хайуанаттар туралы ертегілер  деген не?
  5. Қиял – ғажайып ертегілер  деген не?
  6. Ер Төстік ертегісі қандай  ертегіге  жатады?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

*  Жоспар құру:

  1. Бай баласының  түс  көруі.
  2. Әке – шешесінің қобалжуы
  3. Сәуегейдің түс  жоруы
  4. Баланың қашуы
  5. Кербестінің шабысы
  6. Қара қасқыр
  7. Ми даладағы  жалғыз  үй
  8. Бай баласының  басынан  өткенін  баяндауы
  9. Қара ауыз
  10. Жігіттің  өкініші
  11. Ит атаулының  қасқырға  қожа  болуы.

 

  • Мәтінді бөлімдерге  бөліп,  әр  қатарға  тапсырмалар  беріледі.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

  1. Бай баласы  қандай  түс  көрді?
  2. Әке – шешесі не  істеді?
  3. Түсті кім  және  қалай  жорыды?
  4. Бала қасқырдан  қалай  қашып  құтылды?
  5. Баланың қасқырдан  қашып  құтылуына  кім  көмектесті?
  6. Қара ауыз ит  қара  қасқырды  қалай  жеңді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. Кербестіге,  қара  қасқырға,  қара  ауыз  итке  мінездеме  беру
  3. Қара ауыз  иттің  өлуі  нені  байқатады?
  4. Ертегіні басқа  ертегілермен  салыстыр,  ерекшелігін  айт.
  5. Өз ойларыңнан  ертегі  жазып  көріңдер

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. «Сырттандар» ертегісі туралы түсінік.
  2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.