«Қырық өтірік» ертегісі

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 16-17.10.2014
  4. Тоқсан: I
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: «Қырық  өтірік» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды ертегі мазмұнымен  таныстыру, кейіпкерлерге  мінездеме беру.
  2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: тіл, тарих, география

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:     1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1.       Оқушылардың сабақ

                                               қатысын тексеру.

                                      3.Оқушылардың зейіндерін

                                            сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. «Қырық өтірік» ертегісіне түсінік айту
  2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме  жасау

 

  

 ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Өтірік әңгімені  толық  оқып  шығып,  мазмұнын  естеріңе  сақтаңдар.
  2. Өтірік әңгіменің  оқиғасының  қызық  та  күлкілі  болып  шығуына,  мән  мағынасына  зер  салыңдар.
  3. Өтірік әңгіменің  оқиға  тұтастығын  аңғар.
  4. «Қырық өтірік» атты  әңгіменің  тууына  себепші  болған  оқиғаны  баяндап,  мәтінен  тауйп  оқыңдар.
  5. Тазша баланың  қырық  өтірік  әңгімесін  өз  алдына  оқып,  бөлімдерге  бөліп  қараңдар:

а) жоғалған  құлын  хикаясы;

ә)қоянның  оқиғасы;

б)етіктің  шатағы.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жоспар:

  1. Ханның халқына  шығарған  жарлығы.
  2. Тазша баланың  хан  алдына  келуі.
  3. Ханның Тазша баланы  мысқылдауы.
  4. Тазша баланың  өтірік  әңгімесі.
  5. Тазша баланың  өтірік  әңгімесінің  аяқталуы.
  6. Ханның Тазша балаға  таң  қалуы.
  7. Тазша баланың  өтірік  өлеңі.
  8. Ханның жеңілуі.

Жоспар бойынша мәтін  бөлімдерге  бөлініп,  әр  қатарға  топтастырылған  тапсырмалар  беріледі.

 

VІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
    1. Әр бөлімнің  мазмұны  мен  оның  ішіндегі  әңгімені  бөлек  айтыңдар,  оның  неге  өтірік  екенін  дәлелдеңдер.
    2. Өтірік өлеңнің  әр  шумағын  жеке – жеке  оқып,  оның  мәнін,  мағынасын  түсіндіріңдер.
    3. Өтірік әңгімеден  тұтастай  қарағанда  қандай  құндылықтар  аңғаруға  болады?
    4. Ертегінің басталуы  мен  аяқталуында  өздерің  бұрын  оқыған  ертегілермен  ұқсастық  бар  ма?
    5. «Қырық өтірік»  ертегісін  ертегілердің  шыншыл  түріне  қандай  сипаты  жағынан  жатқызуға  болады?
    6. Ертегіге берілген  суреттерге  қарап  әңгімелеңдер.

 

VІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. «Өтірік өлең» туралы түсінік
  2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.