Қасиетті Құран Кәрім жайында

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 27.11.2014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:  Қасиетті Құран Кәрім жайында

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: оқушыларға қасиетті Құран Кәрім жайында оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушыларды ауызекі  сөйлеуге , мәтінді  дұрыс оқып түсінуге,  сөздік  қорын  молайтуға, практикалық  жұмысты бере отырып тіл дамытуға пайдалану.

Сабақтың типі: жаңа сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  Қасиетті  Құран  Кәрім  жайында

Құран – ислам  дінінің  ең негізгі, басты  кітабы. Құранды  114сұре  бар. Құран  Кәрім  аяттарын  Алла  тағала Жәбірейіл  періште  арқылы  пайғамбарымыз  Мұхаммед ҒалайҺсаламға  23  жыл  ішінде  әр түрлі  тарихи  оқиғаларға  байланысты уаһи (хабар)  түсірген. Мұхаммед – Алланың  елшісі және  жер  бетіндегі  пенделерге  шарапатын  тигізуші  ең  соңғы  пайғамбар.Кейін  екінші  Халиф  Әбубәкір Сыдық  пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  сахабасы Зейд  ибн  Сәбитке  кезінде  пайғамбарымыздан  жаттап, ұғып  алған  адамдар  арқылы  құран  аяттарын  ел  расынан жинауды  тапасырады. Өйткені  ол  көп  елдің  тілін  меңгерген,  сауатты да  білімді, пайғамбарымыздың  сенімін  ақтаған  сахабаның  бірі  ғана  емес, бірегейі  еді.

 

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

 

1.Құран  Кәрім  жайында не білесіңдер?

2.Құранда  неше сүре  бар?

3.Құран Кәрім  адамды  қандай болуға  тәрбиелейді?

4.Мәтінді  түсініп оқып, мазмұнын  естеріңе  сақтаңдар.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

Біз бүгін  сабақта:  нені

Неге———-              үйрендік?

қалай

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

    

1.Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.