Әдеби ертегілер

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 05.12.014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:       Әдеби ертегілер

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Оқушылардың әдеби  ертегілер        туралы түсініктерін кеңейту.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

         Ертегілердің  бір  саласы – әдеби   ертегілер. Әдеби  ертегілердің  жазған  авторы  белгілі  болғандықтан оны  әдеби  ертегілер  деп  атайды.  Әдеби   ертегілер  көбінесе  ел  арасында  ауызша  айтылып  келген  әңгіме  аңыздардың  негізінде  туады.

Әдеби   ертегілер  өлең және  қарасөз  түрінде  айтылады. әдеби   ертегілерде  еңбек  адамын  қадірлеуді, туған елін  сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті  болуды  уағыздайды. Мысалы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби   ертегісіне  Толағай  атты  батыр бала  туралы және  оның  атымен  аталып  кеткен  Толағай  тауы  туралы   халық  аңызы  арқау  болған.

Ақын  жазушылар  кейде  қызықты  ертегілерді  балаларға  арнап  әдейілеп  те  жазады. Олар  да  әдеби   ертегілерге  жатады. Мысалы: М. Жұмабаевтың  «Жүсіп хан»  ертегісі.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Әдеби  ертегілер деген не?

  1. Әдеби ертегілердің халық  ертегілерінен қандай  айырмашылығы бар?

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Венн диаграммасы бойынша  әдеби  ертегілердің  басқа  ертегілерден  айырмашылығы  мен  ұқсастығын табу.

 

 

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

 

1.Бағалау

 

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.