Мысал. А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»

                                                   Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5
  3. Күні, айы, жылы: 24.12.2014
  4. Тоқсан: ІІ
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:   Мысал.  А. Байтұрсынов «Егіннің  бастары»      

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Оқушыларға мысал өлеңдері  туралы және  ақынның  өмірі  туралы      туралы түсінік  беру.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «  Ертегілер »   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1.   Ертегіні оқып,  түсінгенін  өз  сөзімен  айту.

2.Жоспар құру,  бөлімге  бөліп ат  қою.

 

ІІІ. Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Әдеби  ертегілер деген не?

  1. Әдеби ертегілердің халық  ертегілерінен қандай  айырмашылығы бар?

 

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. Мысалдар туралы  түсінік.

Мысалда  аңдар, құстар  хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі  арқылы  адам  бойындағы  мінді  кемшілікті  тұспалдап, әжуа-күлкі  етеді. Мысалдар  өлеңмен  де, қарасөзбен де жазылады. Осындай  шағын  көлемді, оқиғалы, адамға  сабақ  болатын  тағылымдық  шығарманы  мысал  дейді. Мысалдар  еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық  сияқты  жақсы  қасиеттерді  мадақтап, уағыздайды, жағымсыз  қылықтарды  мысқыл  түрінде  күлкі  ете  отырып, одан  сақтандырады.

Мысалдарда  жануарлар  мен  жәндщіктер  адам  істейтін   әрекеттерді  жасайды. Бұлай  көрсетуді   аллегория  дейді.

Қазақ  әдебиетінде  мысал  жанры  ұлы   Абайдан  басталады.  Ахмет  Байтұрсынұлы, Сәбит  Дөнентаев  секілді  ақындар  Абай  дәстүрін  ілгері  оздырды. Бұлар  орыстың  ұлы  мысалшысы  И.А. Крыловтың  туындыларына  қазақтың  шапанын  жауып, қалпағын  кигізді. Сондықтан  Абай  мен Ахмет  мысалдарды  аудармадан  гөрі  қазақтың  өз  топырағында  жаратылған  шығарма  кейпінде  көрінеді.

  1. Ахмет Байтұрсынұлы  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  түсінік.

 

 VІ. Түсінік  тексеру:

«Егіннің  бастары»  мысал  өлеңін  композициялық  құрылымы  бойынша  талдау,  мәнерлеп  оқу,  автордың  түйінді  сөздерін  жаттап,  өзіне  сай  қорытынды  шығару.

«Өгіз  бен бақа»- «Әлін  білмеген әлек».

«Егіннің  бастары» — «Тәкәппарлық – жаман  қасиет».

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.
  • Мысалдың тұспалдап  айту,  астарлап  білдіру  арқылы  адам  мінездеріне  меңзейтінін  дәлелдеңдер.
  • Көрсеқызырлық, мақтаншақтық,  әлі  келмейтінін  істеуге  ұрыну  жағымсыз  мінездерді  талқылау.
  • Әке мен  баланың  диалогын  екі  оқушы  кезектесіп  оқиды.
  • Мысалдың қорытындысын  түсіндіріп  айту.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. А. Байтұрсынов  өмірі  туралы  мәлімет  жинау,  мазмұндау.
  2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің  бастары»  мысал  өлеңдерін  салыстырып,  айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары  туралы  айту.