Ы. Алтынсарин «Өзен»

                                                   Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 09.01.2015ж
  4. Тоқсан: ІІI
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:       Ы.Алтынсарин «Өзен»

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы  түсінік  беру, «Өзен» өлеңіне  талдау  жасау.      
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:   Ы.Алтынсариннің жинақтар

                                                 топтамасы, портіреті 


Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2.  Ы.Алтынсариннің  өмірі мен  шығармашылығы  туралы  мәлімет.
  • Ыбырай – қазақ  балалар әдебиетінің  атасы.
  • 1841 жылы Қостанай облысында  дүниеге келген.
  • 4 жасында әкесі қайтыс  болады.
  • Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
  • 1850 жылы Ыбырай орыс – қазақ  мектебіне  оқуға  түседі. Оны  жеті  жылда жақсы  бағалармен бітіреді.
  • 1864 жылы Ыбырай қазақ балаларына  арнап  мектеп  ашады.
  • Ыбырайдың «Өзен», «Дүние қалай етсең  табылады?» т.б. өлеңдері  бар.

2.«Өзен» өлеңін  мәнерлеп  оқу.

VІ. Түсінік  тексеру:

*Сұрақ  жауап

Өзеннің  табиғаттағы,  адам өміріндегі  атқарар  жүгін  ақын  қалай  көрсеткен?

Өлеңде  қандай  көркемдегіш  сөз  және  сөз  тіркестерін  қолданған?

Өлеңнің  буын  өлшемін  және  ұйқас  түрін  анықтаңдар

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Өздік жұмыс:

  • Өздерің көрген, шомылған  өзенді  өз  сөздеріңмен  әңгімелеу  және олардың  адамның  қандай  игілігіне  жарап  жатқанын  жазу.
  • Өлең жолдарынан  бейнелі  сөздер  мен  теңеулерді  тауып  жазу.

 

Сөздік жұмысын  жүргізу:

Өксіген – шөлдеген  мағынасында.

Қынарда – жағасында,  маңында.

Жай – орын, қоныс.

Жанабында – жанында,  маңында.

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру

       1.Ы.Алтынсариннің  өмірі  туралы  мәлімет жинау,  жазу.

  1. «Өзен» өлеңін жаттау.