Туған жерімді сүйемін

 

 

 

 

Тақырып: Туған жерімді сүйемін

Құндылық :Отан, туған жер

Қаситеттер: «Туған жерге деген сүйіспеншілік»

Мұғалім: Елгандиева Саодат  Абдураймқызы

Сынып:Бастауыш сынып

Пәні: Өзін –өзі тану

Оқушылар саны:17

Сабақтын мақсаты:«Отан»,  «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

 

·         Отан ,сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

·         Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

·         Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Дереккөздер: көрнекіліктер

 

Оқулық дәптер.

Сабақтың барысы:

 

Сәлемдесу:

 

Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

1.Әнұранды орындау.

Кезекшімен сұхбат.

 

2.Ынтымақтастық атмосфераны ұйымдастыру:

 

Ертеңгілікшеңбер:

 

Балалар — менің қолымдағы ойыншық қалай аталады?,жұмсақ ойыншықжүректі қолдарымен ұстап көрулерінұсынады да сүйіспеншілік толы жүрек туралы төмеңдегідей әңгіме жүргізеді.

 

Әрқайсымыздың осындай жұмсақжүрегіміз бар . Бірақ ол үлкен емес.Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай.Жүрегіміз қандай екен көрейікші.Балалар алақандарын жұмып жұдырықтарына назар аударады.

 

-Ал енді алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып лүпілін тыңдап көрейікші.

 

-Қандай ғажап !

 

Балалар , біз қуансақ; біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек жүрегімізде жабырқап қалады.

 

-Біз қандай жағдайда қуанып , ренжиміз?

 

Сондықтанда әрдайым біреугежақсылықжасап, қуанышқа бөлеп, жақсы көрсең жүрегіміз сүйіспеншілікке бөленіп, қуанады.Сүйіспеншілік біздің жүрегімізден тарайды екен. Сондықтан  «сүйіспеншілік — жүректен» деген  халық даналығы осыдан шығыпты.

 

3.Үй тапсырмасыменжұмыс:

 

Сұрақ-жауап.

 

v  Балалар қандай адамды өнерлі адам деп атаймыз?

v  Өнерлі адам бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

v  Қорқыт ата кім болған?

v  Өнердің қандай түрлерін білесің ?

 

4. Топқа бөлу:/кубикке қарап топқа бөлу,қызыл,жасыл,сары,көк/

 

1.Бір жылда қанша мезгіл бар?

Төрт мезгіл (көктем, жаз ,қыс, күз)

2.Қазір жылдың  қай мезгілі? /көктем/

3.Бұл ай қалай аталады /Сәуір/

4. Бір аптада қанша күн бар/ 7күн/

Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар.

 

5.Өзіммен зім мотивациялық қозғаушы кезең:   

Балалар ыңғайланып отырып , үнтаспадан табиғат туралы бейне роликті көреді.

 

 

 

 
Туған өлкеміздіңтабиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл, сан алуан гулдер хош исін аңқытып , биік-биік ағаштар мейрімді анадай көлеңкесін тосып тұр.Туған жердің әрбір шөбі ,әр гүлі, әр ағашы, салқын самалы,қасиетті топырағы көзіне оттай ыстық.

 

Енді елімізге қандай жақсылықжасай алатынымызды ойлап көзалдымызға елестетіп көрейік.

 

Балалар алған     әсерлерін, ойлаған ойларын , ортаға салады.

 

Мақал — мәтел айту.

 

1.Отан- оттанда ыстық.

2.Отан -отбасынан басталады.

3.Туған жерге- туың тік.

4. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

 

«Бұл қай кезде болады?»

Бүршік шашып жапырақ ашып,

Жер гүл шашақтағады.

Қар,мұз еріп, су көбейіп ,

Сай- салаға ағады.

Қой   маңырап, төл  жамырап.

Жайлауға мал толады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл   қай кезде болады? / Көктемде/.

 

Дұрыс айтасыңдар.

Әңгімелесу:

Айналамызға   көктем келді .Табиғат анамыз оянды.Біздің туған өлкемізде, туған ауылымызда өз жасыл, көйлегін киді.

 

•Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер? /Балалардың жауаптары тыңдалып мұғалім  қортындылайды./

 

Әңгімелеу:

Туған жертуралы.( үзінді )Р.Әбілқадырова.

Мұғалім окып береді.

 

Ой қозғау:

 

• Әжесімен Асылзаттуған жерге сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?

•Өздерің  туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер?

 

Балалардың жауаптары тыңдалып , мұғалім  қортындылайды.

 

—   Дұрыс айтасыңдар, балалар туған жерді, ауылды, қаланы, көркейтуіміз, оған қамқорлык жасауға, өз үлесімізді  қосуымыз, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді білдіреді.

 

Сергіту сәті:

 

«Би». мультфильм      кейіпкерлерінің   әрекетін     қайталау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Дәйексөз: «Туған жер алтын бесік».

Балалар әркімге өзінің туып өскен жері оның сылдырап аққан суы, биік таулары, ағаштары, хош иісті гулдері де ыстық. Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін мақтанышпен түрлі жолдармен білдіреді.Ақын жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын жырласа суретшілеріміз суретін салады .

 

Дәптермен жұмыс:

-Туған жерлеріңнің  суретін салыңдар.

-Туған жерге қамқормын.

Қортындылау:

 

-Дұрыс айтасыңдарбалалар, туған бұл біздің туып өскен жеріміз. Біз бүгін туған жер туралы әңгімелестік . Отанды  туған жерді қадірлеу керектігін түсіндік.

Енді балалар айналамыздағы адамдарға қуаныш сыйлайық Бәріміз бірге көңілді ән шырқайық.

«Жас дәуірдің түлегіміз»әні шырқалады .

-Ой тамаша ! Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл — күйін көтереді.

Туған жер    Е.Ерботин.

Төскейден жел еседі.

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін.

Көп майсасьш төседі.

Топтық жұмыс.

 

І топ қыс

ІІ  топ: көктем

ІІІ топ:  жаз

ІV топ: күз

 

 

Оқулықтар .

Маркер.

Стикер.

Плакат.

 

 

Ой қозғау .

Сұрақтар мен жауап

 

 

 

Э.О

 

АКТ.

 

 

СТО.

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Диалог.

 

Суреттер маркер

стикер

 

 

 

 

 

Кубиктер

 

 

 

 

 

Бейне таспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сюжетті суреттер жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтел жазылған плакат

 

 

 

Дәптер ,қаламсап стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейне таспа.

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау сұрақтары

 

 

 

 

 

 

 

Хормен орындату

 

Хор

 

 

Мақтау,мадақтау формативтік баға