С.Мұқанов «Лашын»
Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5 «Ә»
- Күні, айы, жылы:12.02.2015ж
- Тоқсан: ІІІ
- Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Лашын»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушыларға С.Мұқановтың өмірі жайлы түсінік беру, «Өмір мектебі» романынан үзінді туралы түсінік беру
- Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өзндік ой толғауларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- М.Әуезовтің өмірі мен қызметі
2 « Ақын қонақтар»туралы түсінік.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
- 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
- Молдадан оқып, сауатын ашады.
- Абайдың,Ғабдолла Тоқайдың кітаптарын оқып, өседі.
- Омбы қаласында мұғалімдік оқу оқиды.
- Шығармалары: «Сұлушаш» поэмасы, «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыздар», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» романдар, повестер жазған.
2.Шығарманы мәтін бойынша бөлімдерге бөлу.
- Балтабай ауылында
- Балтабайдың Ақметі, оның портреті, атбегілікпен, құсбегілікпен айналысатыны
- Ақмет лашынының сипаты
- Ақметтің лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері.
- Лашынның үйрек алу тәсілдері.
- Дабыл қағудың мәнісі.
- Лашынның қазды алған кездегі амалы.
- Лашынға қарсы дуадақтың көрсеткен қайраты.
- Құс салудың ең дұрыс мезгілі.
- Құстардың таң ата жайылуға шығуы.
- Құстардың қойған қаруылына көрінбей, етіртпей баруы.
- Дабылдау, құстардың айналып ұшуы.
- Лашынды жіберу.
- Саятшылық – өмірдің бір қызығы.
VІ. Түсінік тексеру:
1.«Талдау» стратегиясы. «Лашын» үлгіге қарап, оқушылар өздері талдайды
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау
- Шығарманың тақырыбы-
- Оқиғаның басталуы –
- Оқиғаның шиеленісуі –
- Оқиғаның шарықтау шегі –
- Оқиғаның аяқталуы –
- Шығарманың идеясы –
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
- Әр бөлімді әңгімелеп меңгерген соң оны мынадай шығармашылық жоспарға жинақтау:
І Кіріспе:
а)Балтабай ауылында.
ІІ Негізгі бөлім: Саятшылық.
а) құсбегі – Ақмет
б) Ақмет лашынының мүсіні.
в)Ақмет пен лашынның өнері.
г) Шілдеде құс алу.
- әңгімеден теңеу, эпитетті тауып, дәптерге жазу.
VІІІ. Сабақты қорыту:
- Бағалау:
- Үй тапсырмасын беру.
- С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.