Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

  Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 18-19.02.2015ж
  4. Тоқсан: ІІІ
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: ақын жайлы  білетін  мәліметтерді тыңдай отырып  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Қазақ солдаты» романынан  үзіндінің   тақырыбы мен идеясын  ашу.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына  машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай  жасау.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:       1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  • Электронды  оқулықпен  жұмыс.
  • Электронды оқулықтан Ғ.Мүсіреповтың өмірі  жайлы мағламаттар  алу.
  • Оқулық бойынша Ғ.Мүсіреповтың өмірі  жайлы жоспар  бойынша  әңгімелеу.
  1. 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туған.
  2. Ғабит ауыл  ақсақалдарына  «Қыз Жібек», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын  оқып беріп, жаттап  алған.
  3. Әңгіме жазудың  шебері.
  4. Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» .
  5. Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты».

 VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ жауап

 

Шығарма  оқиғасы  кімнің  атынан баяндалады?

Роман  қай  кездегі  өмірді  суреттеп  отыр?

Қайрош  қалаға  кіммен  және  неге  қашып  келеді?

Жайық  өзені, Каспий  теңізі  көріністері  мен  Қайроштың  көніл  күйінде  қандай  ұқсастық  бар?

Шеген мен  Бораштың  сыртқы  кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын  суреттейтін  көріністерді  мәтіннен  табыңдар. Шегеннің  портретін  ашу  үшін  жазушы  қандай  теңеулерді  қолданған?

Шеген  Қайрошқа  неліктен  сеніммен қарайды, оған  қандай  қамқорлық  жасалы, қандай  шарт  қойды? Балалар күнкөріс  жолында  не  істеді?

Қайрош  балалар  үйіне  қалай  әікелінді?

Қайрош  ана  құшағында  қандай  шаттық  сезімге  бөленді?

Қайрош  шешесімен  бірге  ауылға  қайтып  кетпей, неге  балалар  үйінде  қалды? Ол  нені  арман етеді? Апасы  оған  қандай  аманаттар  тапсырды?

Шығарманы  ең басты – басты  мәселелер  бойынша  бөлімге  бөліп, әр  бөлімге  лайық  ат  қойыңдар.

Шығармада  жазушы  қолданған  мақал – мәтелдерді  дәптерлеріңе  теріп  жазыңдар. Осы  нақыл  сөздердің  оқиғаға  қандай  қатысы  бар  екенін  анықтаңдар.

Жазушының  табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас  аударыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»