Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»
Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
 - Сыныбы: 5 «Ә»
 - Күні, айы, жылы: 06.03.2015ж
 - Тоқсан: ІІІ
 - Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
 
Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік : ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
 - Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
 - Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
 
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
 - Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңді жаттау.
 - Ойтолғау жазу.
 
ІІІ. Білім тексеру:
Топтастыру әдісі:
Ар – ұят туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.
|     Ар — ұят ҚҚажымұқан  | 
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
 
Жазушының өмірі туралы мәлімет.
- Жұбан Молағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы Сайқұдық деген жерде туған.
 - Орал ауыл шаруашылық техникумында оқыған.
 - 1940 – 1947 дейін әскер қатарында болған.
 - «Мен қазақпын деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған.
 
Мәтінмен жұмыс:
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
 - Өлеңді компазициясына орай:
 
А) Шал мен жігіт шатағы
Ә) Ар – ұят туралы.
Б) қорытынды деп жоспар жасау.
VІ. Түсінік тексеру:
- Өлеңді тұтас оқып , өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
 - Ақын осы өлең арқылы не айтқысы келді?
 
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру арқылы дәлелдеу.
| Арсыздық пен ұятсыздық | 
| Ар мен ұят | 
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
- Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы» өлеңді жаттау