Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ»

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 11.03.2015ж
  4. Тоқсан: ІІІ
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қуандық Шаңғытбаев өмірімен танысу, өлеңін  меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, өлең  арқылы  қазақ  халқының  тарихымен  жете  танысу;
  2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден  тыс  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абылай, Төле би, Бөгенбай  суреті, «Алтын  қақпа» жәшігі, сатылай  кешенді  талдаусызбасы.

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

  1. Ж. Молдағалиев «Ар – ұят туралы» .

 

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

         «Сабалақ» өлеңінің  әр  шумағын  мәнерлеп, әр  шумақтың  мазмұнын  түсіне  оқыту.

         Осыдан  кейін  алдын  ала  деңгейлік тапсырмалардың  сұрақтары  жазылған  плактты  басшылыққа  алып, оқушылардың  өлең  мазмұнын қаншалықты меңгеріп, өз  ойларын жаткізе  білулері  қадағаланады.

         Оқушы  деңгейі

  1. Өлеңнің тақырыбын ажырат.

(Ақын сонау  тарихта  болған  ертедегі  қазақ – қалмақ арасындағы  соғысты  өзінің  өлеңіне арқау  еткен).

  1. Соғыс болып  жатқан  жерді  ата.                                                    (аңырақай  даласы)
  2. Ақын соғысты  қай  шумақта,  қалай  сипаттаған?

    Алгоритмдік  деңгей

  1. Әбілмәмбет қандай  күй  кешті? Қандай  шешімге  келді?
  2. Көмекке келген жас жігітке  сипаттама  бер.

 

Оқушылар  өлең  шумақтарынан  тауып,  сатылай  кешенді  талдау  сызбаны  толтырады.

  • Жеңіл шидем шапан  киген.
  • Қабағы түйілген.
  • Қолында қаруы бар.
  • Астында құстай  ұшқан  тұлпар.
  • Қара мұртты.
  • Соңында ерген  қол.
  • Аққан жұлдыз  сияқты.
  • «Абылайлап!»ұрандаған.

«Алтын  қақпа ойыны»

Оқушылар І топ  «қалмақтар», ІІ топ  «қазақтар» болып  екіге  бөлінеді.

Тас қақпа

  1. Сүңгі – қару түрі Байрақ – ту

Күміс қақпа

  1. Құзғын – өлікті аңдыған  құстар
  2. Ойрат – қалмақтар

Ата нәкес – ата жау.

 

Іздеушілік деңгей

Өлеңді  бөлімдерге  бөліп,  ат  қою,  дәлелдеу.

  1. «Қанды соғыс»
  2. «Келген күш»
  3. «Алғашқы танысу»
  4. «Арман»   

 

  1. Жаңа сабақты қорыту:
  2. Бағалау:
  3. Үй тапсырмасын беру.

1.Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ» мазмұндау