М. Мақатаев « Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын»

                                                     Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 13.03.2015ж
  4. Тоқсан: ІІІ
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:   М. Мақатаев « Барлығы да  сендердікі», «Мен  таулықпын»

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: ақынның өлеңдерінің   өзіндік  табиғатын  даралай,  саралай  отырып,өзгешелігіне  көңіл бөлу, өлеңді  мәнерлеп  оқуға,  жатқа  оқуға  көңіл бөлу.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке, туған  жерге  деген  сүйіспеншілікке,  адамгершілікке тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін  дамыту, өз  пікірі, эстетикалық  талғамы  бар  сауатты  оқушыны    дайындау, шешен  көркем  сөйлеуге  үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Ақын портреті, «Қарасаздан  ұшқан қарлығаш» жинағы, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ» мазмұндау

                                        

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  1. Сөз өнері  дегеніміз не?
  2. Әдебиеттегі тип пен түр деп нені айтамыз?
  3. Лирика, лирикалық өлең  туралы не білеміз?
  4. Осы уақытқа  дейінгі  шығармалардан  кейіптеу  туралы не айтуға  болады?
  5. Пейзаж дегеніміз не?
  6. Мұқағалидің табиғат  туралы  өлеңдерін  кім  атай алады?
  7. Қандай жыр – жинақтарын  білесіңдер?

 

 

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. «Барлығы да сендердікі»

Үлестірмені  тарату. 

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Мәтінен түсініксіз  қиын  сөздерді  тауып,  талдау  жасау.

2.«Мен таулықпын»

« Хантәңірі» өлеңін  үнтаспадан  тыңдату

  • Өлең мәтінінен не түсіндік?
  • Хантәңірі қалай суреттеледі?

  

  1. «Мен таулықпын» өлеңі туралы мәлімет.

Мұқағалидің  керемет  суретті,  сыршыл, әсерлі,  ойлы  өлеңдерінің  бірі – «Мен таулықпын» өлеңі. Ақын  табиғаттың  әсемдігін  жырлай  отырып,сол  табиғатқа  деген  өзінің  қатынасын  білдіреді.

Тау дейтін  алып  жүрек  Ана туған.

Мен –таулықпын!

Таудан мен  жаратылғам.

Киіктің  сүтін  еміп ер жеткенмін, 

Қуат  алаып қыранның  қанатынан.

  1. Өлең мәтінін  мәнерлеп  оқып  беру.
  2. Бір – екі оқушыға  мәтінді  оқыту.
  3. Түсініксіз сөздерге  талдау  жасау.
  4. Өлеңдегі бейнелі  сөздерді  дәптерге  жазу.

 

VІ. Түсінік  тексеру:

Бірінші  өлеңнен не ұқтық? (таратылған үлестірмелер  арқылы  жауап  беру.

«Ата  ұрпақтар  тағдыры», «Барлығын  табыстаймыз», «Болашақты  жалғайтын – болашағымыз. Сөздерінің  мағынасын  сұрау.

Екінші  өлеңде  тау  ұлында  болуға  тиісті  қандай  қасиеттерді  аңғаруға  болады?

Ақын  осы  өлең  арқылы  не  айтқысы  келді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

«Тау баласы» деген  тақырыпқа суретті  пайдалана  отырып,  шағын  шығарма  жазу.

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. М.Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.