Т. Молдағалиев « Бауырлар»

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 24.04.2015
  4. Тоқсан: ІV
  5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы:  Т. Молдағалиев « Бауырлар»

 


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Т. Молдағалиев өмірімен танысу, «Бауырлар» өлеңін   меңгере  отырып, өлең   идеясын  ашу.
  2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасағанигі  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.  

 

Сабақтың типі: жаңа  сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.


Сабақтың көрнекілігі:  Жазушы  портреті,  шығармалар жинағы..

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан  тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

Үй тапсырмасын сұрау

  1. Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы
  2. «Аңсау» әңгімесін мазмұндау. Шағын шығарма жазу

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  2. Тұманбай Молдағалиев өмірі  жайлы  мәлімет.
  • Тұманбай Молдағалиев  1935 жылы  Алматы  облысындағы  Жарсу  деп  аталатын  ауылда  дүниеге  келген.
  • Студент кезінде «Студент  дәптері» деп  аталатын  жыр  жинағын  шығарған.
  • « Махаббат оты сөнбейді» деген жыр жинағы  бар.
  1. «Бауырлар» өлеңін мәнерлеп  оқу.
  2. Өлеңді өлең  құрылысына  талдау

 

VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ  жауап:

  • Тұманбай Молдағалиевтің  бұл өлеңі  кімдерге  арналады?
  • Т. Молдағалиев әлемнің  әр  түпкіріне  шашырап  кеткен  қандас  бауырларымызға   нендей  өтініш,  тілек  білдіріп  отыр?

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтінмен  жұмыс.

  •  Өлеңдегі  патриоттық  идеяны,  ақынның  үлкен  адамзаттық  сезімін,  ордалы  ойын  танытатын  өлең  жолдарын  анықтау  және  жазып  алу.
  • Қазақ елінен  жырақта  жүрген  қазақтардың  бәрі  дерлік  ана  тілін,  дінін,  салтын  ұмытпаған.  Мұның  себебі  неде  деп  ойлайсыңдар?

VІІІ.Сабақты  қорыту:

1.Бағалау

 2.Үй тапсырмасын беру.

  1. Т. Молдағалиев « Бауырлар» өлеңін жаттау.