М. Шаханов «Отырар»

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 30.04-06.05.2015

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов  «Отырар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға     Мұхтар Шаханов   өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып   Мұхтар Шаханов     «Отырар» өлеңінен  тарихы  мол Отырар  қаласы  туралы  түсінік беру және  өлең  мазмұнына, оқиғасына,  тіліне  талдау  жасау.   

2.Тәрбиелік: оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың  рөлге  бөліп оқу  қабілетін  дамыту  өз  беттерімен  ізденімпаздығын  арттыра  түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі:    Мұхтар Шаханов    портреті,

 Мұхтар Шахановтың  «Танакөз»     жыр  жинағы.

Пәнаралық байланыс:  тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:      1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Фариза Оңғарсынованың  өмірі мен шығармашылығы
  2. « Оюлар»  өлеңін  жаттау.

             

ІІІ. Білім  тексеру:

 

  • Қошқар мүйіз өрнектерді көркемдеп,  бояумен  салып  көріңдер, оған өлең тілімен  жан  бітіріп жазыңдар.

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

         М. Шаханов  өміріне  қысқаша  шолу.

         Ежелгі  Отырар  тарихына  саяхат.

         ХІІ  ғасырдың  соңында  қазіргі  Манғолия  жерінде  үлкен   мемлекет  құрылды. Оны  Шыңғыс хан  басқарды. Оның  әскері  көп  жер, дүние, мал үшін  басқыншылық  саясат  жүргізді. Шыңғыс  ханның  200 мыңға дейін әскері  болды, ол өте  қатал  тәртіпті  талап  етті. Егер  шайқастан  бір  жауынгер қашса, оның  қасындағы  он  жауынгер  өлім  жазасына  кесілді.

         Отырар  қаласын ерлікпен  қорғау. Шапқыншылар  Сырдария  өзені  бойындағы  қалаларға  келіп  жетті. Ол қалалардың  ішіндегі  атағы көбірек  шыққаны  да, мықты  қорғаны  және  көп  әскері  бары да  Отырар  еді. Қала  басшысы  Қадыр хан (Қайыр  хан) болатын. Қаланы   басып  алуға 1219 жылы күзге  қарай  моңғолдың  150 мың  қолы  аттанды. Қадыр  ханның  басшылығымен  отырарлықтар  туған  қаласын қорғауға   барынша  әзірленді . Жиырма  мың  әскерді  жақсы  қаруландырды. Қорған  дуалының  үстіне  құм  салынған  қаптар  үйілді.  Ыстық  су  құятын  бөшкелер  әзірленді, қорған  қазылған ор сумен  толтырылды. …Амалы  таусылғандықтан, моңғол  әскері  енді  Отырарды  түгел  қоршады. Бірақ  бес  ай  өтсе де, ештеңе  істей  алмайды. Не  пайда, осы  күндері  адам  ойламаған бір  қайғылы  оқиға  болды. Отырарға  Хорезм  шаһы  көмекке  жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы  опасыздық  жасады. Қорғанның  бір  дарбазасынан  моңғолдар лап  қояды. Ендігі  шайқас  қала  ішінде  болады. Әскердің  көбі  қырылғаннан кейін   Қадырхан  қаланың ортасындағы  бекініс – сарайға  кіріп  қорғанады. Қалаға  кірген  моңғол әскерлері  отырарлықтарды  қойдай  бауыздайды. Бекініс – сарайдағы  ер жүрек  Қадырхан  мен  оның батыр  жауынгерлері  бір  айдан  астам  жаумен  тапжылмай  шайқасады. Күші  басым  жау  ақыры  жеңеді…

         Поэма  кейіпкерлері

  1. Шыңғыс хан – Моңғол  ханы
  2. Шағатай – Шыңғыс ханның  ұлы
  3. Қадыр хан – Отырардың  ханы
  4. Қараша – сатқын
  5. Қария – сатқынның әкесі.

Поэма  мазмұнын  талдау.

Пролог. Алты  ай  бойы Отырар  қаласы  жаудан   жеңілмеді.  Отырарды  ала  алмағанына  ашуланған Шыңғыс хан  ұлы  Шағатайды  шақырып  алады. Әкесінің  ұлына  айтқан  « аңыз – ертегінің» мазмұны. Шағатайдың «қулық» әрекеті.

Оқиға. Алты  ай   бойы  жеңілмеген Отырар қаласы  күреді. Жау  қаланы  бүлдіріп  жатыр, безбүйрек  жау  сәбилерді, шал-кемпірлерді, жүкті  әйелдерді  де  қойша  бауыздады.

Байланыс. Үш  күнен кейін  екі адамды  Шыңғыс  ханың  алдына алып келеді. Шыңғыс  хан  үнсіз  әрі  ұзақ  ойға  шомады. Қайырханға  қызыға  қарайды.

Поэманың  дамуы. Шыңғыс  хан мен Қайырхан  екеуі  арасындағы  арбасу –диалогі. Шыңғыс  ханның  Қайырханға  берген  «сыйы». Қарашоқының  әрекеті.

Оқиғаның  шарықтау  шегі. Қайырханның  тегі. Қайырхан  мен Қарияның  арасындағы  диалог.

Оқиғаның  шешімі. Қарияның шеткі елші  қақпадан  бір  баланы  құтқарып  жіберуі.

Эпилог. Соңғы бөлімдегі  ҚАйырхан  бабасына  арналған  ақын  сөзі.
Ойтүрткі. Қайырхан  бабасын  оятпақ  болып  тіл  қатқан  ақын  кім деп  ойлайсыңдар?

           Сөздікпен  жұмыс

                            Даңқ – атақ, абырой

                            Рух – жан, философиялық  ұғым.

                            Тән – адамның  денесі, тұла бойы.

                            Ызбар – ашу, сес, айбат.

                            Безбүйрек – қайырымы  жоқ, қатігез.

                            Намыс – жоғары  адамгершілік  қасиет, ар – абырой.

VІ. Түсінік  тексеру:

  1. Сұрақтарға жауап беру.
  • Шыңғыс пен Шағатай  тілдесулерінен не  ұқтыңдар?
  • Шағатай әкесі  Шыңғысқа  не  деп  жауап  қатты?
  • Отырарды алу  үшін  Шыңғыс Шағатайға  қандай  зұлымдықты  үйретті?
  • Шыңғысхан алдына  келген  екі  адам  кімдер?
  • Қайырханға Шыңғысхан  қандай  баға  берді?
  • Сатқынның әкесін  алдырып  Қайырхан  не  туралы сұрады?
  • Қайырхан өлім  сағатын  күткен  кезде  не  деді?

 VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

 

         Венн  диаграммасы

Шыңғыс  хан                        Қайырхан

Басқыншы,

қатыгез,

мейірімсіз,

жауыздық  иесі.

Туған  елін, жерін  қорғаушы,Отансүйгіш, туған  ел  тарихын  құрметтеуші, Фараби, Отырар  жырларын    айтушы.

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

  1. Бағалау.
  2. Үй тапсырмасын беру:

 

  1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен  шығармашылығы  туралы
  2. «Отырар» өлеңінің мазмұнын  айту.