Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау»
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 23.05.2015
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, жазушының «Аңсау» шығармасы туралы түсінік беру және мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Нәсіреддин Серәлиев портреті,
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
- Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы
- «Аңсау» әңгімесін мазмұндау.
ІІІ. Білім тексеру:
- Портрет деген не?
- Кейіптеу деген не?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Жазушының өмірі жайлы мәлімет:
- 1930 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қашқансу деген жерде дүниеге келген.
- Журналист қызметін атқарған.
- Әңгімелері мен повестері: «Ақ лақ пен қара лақ», «Әңгелек», «Ақбөпе», «Ақ қайың», «Ыстық күлше», т.б.
2.«Аңсау» әңгімесін бөлімдерге бөліп, ат қою, жоспарлау.
VІ. Түсінік тексеру:
- Сұрақтарға жауап беру.
- Қария қалаға неге келді?
- Ол кілге жолықты?
- Бала кімді аңсап жүр еді?
- Тақырып неге «Аңсау» деп қойылған?
- Баланың шешесі не себептен ұлына бөтен адамның қасына жатуға рұқсат бермеді?
- Қалымбет қария қайтып бара жатқанда не себептен баланың түсіне сап – сары бауырсақтар кірді деп ойлайсыңдар?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
- Қарт пе баланың арасындағы әңгімені тауып оқу және жазу.
- Кішкен баланың ақсақалмен ойнағанын тауып оқу.
- Мәтінен портрет пен кейіптеуді табу.
VІІІ.Сабақты қорыту.
- Бағалау:
- Үй тапсырмасын беру:
- Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы
- «Аңсау» әңгімесін мазмұндау. Шағын шығарма жазу