Әлем әдебиеті. А.Пушкин «Балықшы мен балық »
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5 «Ә»
3.Күні, айы, жылы: 20.05.2015
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім: Ж.Юнусова
Сабақтың тақырыбы: Әлем әдебиеті. А.Пушкин «Балықшы мен балық »
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Александр Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, әлем әдебиетінің нұсқасы болған «Балықшы мен балық» ертегісі туралы әдеби білім беру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: А.Пушкиннің портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Ерте келген тырналар
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Ақынның өмірі жайлы мәлімет.
- 1799 жылы 26 мамырда Мәскеу қаласында дүниеге келген.
- Сол кездегі жақсы ақындар: В.А.Жуковский, К.Н.Батюшков, т.б. жақсы аралсқан.
- Бала кезінен тіл мен өнер табиғатының ортасында өскен.
- Пушкиннің өлеңдері дүние жүзін шарлады.
- Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін қазақтың ғұлама ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы аударған.
2.Ертегіні мәнерлеп оқу.
3.Өлең құрылысына талдау.
VІ. Түсінік тексеру:
- Сұрақтарға жауап беру.
- Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин және оның шығармашылығы туралы не білесің?
- Осы ертегіден қандай әсер алдың?
- Бағы өскен сайын есірген балықшы кемпірдің ой – пиғалы, іс – әрекетіертегіде қалай суреттелген?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
- Ертегінің ой түйіні, берер ғибраты туралы түсініктеріңді айтып беріңдер.
- Ертегідегі диалогтерді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.
- Ертегі бойынша сценарий құрып, балықшы, балық және кемпір төлдерін ойнап көріңдер.
- Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Кемпір |
Балықшы |
VІІІ.Сабақты қорыту.
- Бағалау:
- Үй тапсырмасын беру:
- А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
- «Балықшы мен балық » ертегі мазмұнын айту.