С.Бегалин «Бала Шоқан»
Сабақ жоспары
- Пән аты: Әдебиет
- Сыныбы: 5 «Ә»
- Күні, айы, жылы: 20-25.02.2015ж
- Тоқсан: ІІІ
- Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Шоқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география, мүсін өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты білім алуға тарту.
- Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалықсезімін дамыту.
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
Топтастыру әдісі:
Шоқанның өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылар өздер жазады.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Графопроектор көмегімен, жоспар бойынша салынған слайдтағысуреттерді көре отырып, Шоқан мен Жақыптың қарым – қатынасы арқылы Бала Шоқанның мінездемелік тұлғасын қалыптастырамыз.
Суреттер | Оқиғалар | Мінездеме |
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
5- сурет | Мысық Шоқанды неге асыға күтті? Осы оқиға үстіне Шоқанға қандай мінез сай келеді? Мысық Шоқан аулына баруға неге қорқады? Жақып Мысықты неге соға алмады? Шоқан тағы қай қырынан көрінді? 187-беттегі диалогты рөлге бөліп оқу. Мына суретте кімдер бейнеленген? Олар қайда бар жатыр?шоқан әкесінен неге бөлініп кетті? Әңгіме қалай аяқталып еді? Шоқан күзектен көшерде Мысықты үйіне неге әкелді? | Өнертанығыш, аңғарғыш.
Әлсізді қорғаушы.
Мейірімді, бауырмал.
Уәдеге берік.
Қайырымды. |
VІ. Түсінік тексеру:
- Топтық жұмыс:
І топ
- Әңгіме бойынша семантикалық карта толтыру.
ІІ топ
- Диалог деген не? сахналап көр.
ІІІ топ
- Әңгіменің әр бөліміне ат қойыңдар. Портреттерді табыңдар.
- Сэнкуэн әдісі
«Шоқан» (синтез).
- Зат есім. Шоқан.
- Екі сын есім. Мейірімді, өнертанығыш.
- Синоним. Шоқан, Мұхаммед – Қанафия.
- Төрт етістік. Кездесті, қорғады, уәде берді, киім берді.
- Сөйлем құрау. Шоқан – қазақтың жарық жұлдызы.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Блиц – турнир.(сұрақ – жауап).
- Бала Шоқанның өнерге қызығушылығы болашақ өміріне қалай әсер етті?
- Шоқан бабамыздың өмірінен үлгі алуға бола ма?
Жақып пен Мысыққа салыстырмалы сипаттау «Венн диаграммасы
Шоқан |
Мысық |
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
«Шоқандай болғым келеді». Шығарма жазу.