И.Байзақов «Жазғы кеш»

Сабақ жоспары

 

  1. Пән аты: Әдебиет
  2. Сыныбы: 5 «Ә»
  3. Күні, айы, жылы: 23.05.2015
  4. Тоқсан: ІV
  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы:    И.Байзақов «Жазғы  кеш»


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың Иса Байзақовтың жыр әлемімен  таныстыру,  өлең  авторы  туралы  мағлұмат  беру, Исаның жазғы  кеш  көрінісін  танытудағы  сөз  қолдану ерекшелігін, суреттеу  шеберлігін  сезіну, ұға  білу, өлеңді  мәнерлеп жатқа айту  мен  әдеби теориялық талдауға үйрету.
  2. Тәрбиелік: табиғатты сүю, сұлулық талғамын  байыту, әдемілікті сезіне  білу, мейірімділікке  тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: өлеңнің, сөздің  астарына,  қыр-сырына  мән беруге, идеясын түсініп бағалай  білуге  баулу,  өзіндік талдау  жасауға, шапшаңдық  пен  тапқырлыққа, өз  ойларын  әдеби  тілмен  жеткізе  білуге төселдіру,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы


Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

ІІІ. Білім  тексеру:

  • Портрет деген не?
  • Кейіптеу деген не?

 

ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

     «Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  дейді  халық. Исаның  әкесі  Байзақ  та,  анасы Ғазиза да әнші,  сауықшыл,  өнерге  жақын  адамдар  болған.  Иса  ақын  жас  шағында  ән – жырдың, сұлулықтың  өшпес  нұрына  қанық болып  өседі. 1900 жылы  Павлодар  облысының  Ертіс  өңірінде Иса  дүниеге  келеді. Тоғыз  жасында  шешесі  өліп,  нағашы  атасының  тәрбиесінде өседі.  Туған нағашысы Рахмет  жақсы  әнші  болған  екен.

Иса  өткір  әрі  отты  өлең  шығаратын  ақын  еді.  Ол  туралы  Елубай  Өмірзақов  деген  қазақтың  даңқты  әртісі  «Өз  жасында  Исадай ақынды  көргем жоқ» деп  жазған. Тамаша  әртіс, домбырашы, ақын, әнші  болып елді  риза  етіп  жүрген.  Оның  әйгілі  «Құралай  сұлу» дастаны, « Алтай  аясында», «Қойшының  ертегісі» , «Кавказ» атты шығ армалары  бар.

.

VІ. Түсінік  тексеру:

       Бұдан  кейін «Жазғы  кеш» өлеңін байыппен  әр  жолын зер  сала  мәнерлеп  оқимын. Тақырыпты  ашу  мақсатында  оқушыларға  тізбектей  оқытамын. Өлеңді  нақышына  келтіріп мәнерлеп, алма  кезектей оқи  отырып әр  шумақтан  соң Блум токсономиясын пайдаланып, сұрақтар  қою арқылы  барынша  өлеңнің  мазмұнын ашу  мақсатында  жұмыс  жасалады.

  1. Табиғатын көрінісін осылай  суреттеуді  көркем  шығармада  не  дейміз?
  2. Жазғы кештің батуын  қандай  суретті  сөздер  арқылы  берген?
  3. Соңғы екі  тармақтан  нені  байқайсыңдар?

 

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

Өлеңге  кешенді әдеби  талдау  жүргіземіз.  Тақтада  авторлық идеяға бағындырыла сұрақ  қою  арқылы  жүргізілген  әдеби  телдаудың  сызбасы  тұр.  Оқушылар  бұл  сызбаны  толтырады.

Өлеңнің тақырыбы:

Мазмұны:

Өлең  шумағы:

Бунақ, ырғақ:

Ұйқас:

Тармақ:

Буын  саны:

 

Оқушыларға  деңгейлік  тапсырма  беру  үшін  екі  топқа бөлеміз. (дәптермен  жұмыс).

Ітоп. «Жазғы  кеш» өлеңінен әдемі суретті  сөздерді  табу.

ІІтоп. Ақын  өлеңі   бойынша  төрт  жолды  өлең  құрау.

Екі  топпен  дебат  ойыны

 

 

VІІІ.Сабақты  қорыту.

  1. Бағалау:
  2. Үй тапсырмасын беру.
  3. И.Байзақов өмірі  туралы түсінік.
  4. «Жазғы кеш»  өлеңді  жаттау.
  5. Жазғы демалыс шығарма, 2 кітап оқу