Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі, шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі,шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіров қызметі,өмірі,шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету.
Сабақ міндеттері: білімділік – Ілияс өмірі мен қызметі,шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау,бастауыш сыныптағы шығарамаларын талдата отырып,мәнерлеп оқуға үйрету; дамытушылық — оқушылардың сөздік қорларын,шығармашылық қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту; тәрбиелік – Ілияс шығарамаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту,практикалық іскерлік дағды қалыптастыру.
Оқытудың формасы:ұжымдық оқыту.
Сабақта қолданылатын әдіс: ЖИГСО,көрнекілік,талдау-жинақтау,кластер т.б.
Сабақтың барысы.
І.ұйымдастыру бөлімі: 1)оқушылармен амандасу; 2) топқа бөлу.
ІІ. Жаңа сабақ.
1.Сабақ мақсатын хабарлау.
2.Кіріспе. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет.
Бізде әсіресе техника,өнер жайында шығармалар туған жоқ.Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек».
ЖИГСО әдісі арқылы 4 топ !лияс Жансүгіровтың өмірі және қызметі,балаларға арналған шығарамаларының тақырыптары,ақынның танымдық сипаты,ақын өлеңдеріндегі эстетикалық идеал тақырыптарындағы мәтіндерді эксперименттік топта талқылап,түсініп алады.Сонан соң жанұялық топтарына барып бірінші бөлімнен бастап кезек-кезек әр оқушы өздерінің оқып келгендерін айтып түсіндіреді.Осы әдіс бойынша берілген мәтіннің мазмұнымен барлық оқушы танысып шығады.
«сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі,қызметіне шолу жасайды.
|
Сандар сыр шертеді
Балаларға арналған шығармаларының тақырыптары.
(Кестені әр топтан оқушылар шығып толтырады).
|
|
|
Ілиястың балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптары
Алған білімдерін бекіту.
№4 практикалық жұмыс.
Практикалық бөлімде І.Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармаларын талдаймыз.
(Әр топқа 1-4 сынып «Ана тілі» оқулықтары таратылып беріледі).
1-топқа тапсырма: 1-сынып. «Жазғы шілде»
1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2. Өлеңді ұйқасына,құрылысына талдау. 3.Өлеңнің тақырыбын анықтау.
2-топқа тапсырма: 2-сынып. «Малта»
1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2.Өлеңнің негізгі ойын анықтау. 3. Өлеңді құрылысына талдау.
3-топқа тапсырма: 3-сынып «Шәркей»
1.Әңгімені рөлге бөліп мәнерлеп оқу. 2.Әңгіменің тақырыбын анықтау. 3.Әңгіме кестесін толықтыру.
Әңгіме кестесін толықтыр.
1.Әңгіменің тақырыбы. 2.Әңгіме кейіпкері 3.Оқиға болған жер. 4.Әңгіме бізді неге үйретті?
4-топқа тапсырма: 3-сынып. «Жазғытұрым»
1.Өлеңдегі суреттеме сөздерді табу. 2.Өлеңді құрылысына талдау. 3.Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабақты бекіту. І.Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармалары.
1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
«Жазғы шілде» «Күн шыққанда» «Жазғытұрым» «Шәркей» «Көкшетау»
Үйге тапсырма.
Бағалау.