Діни (уағыз) шешендік

Сабақтың тақырыбы:       Діни      (уағыз)    шешендік

Сабақтың мақсаты:  білімділік-дінге деген оқушылардың көзқарасын қалыптастыру,діни шешендіктің ізгілік негіздерімен бірлігін таныту;

 Тәрбиелік-болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату;


 Дамытушылық— жаңа білімді игеру арқылы шешендікке баулу,өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі:  сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Мекке және Медине қаласының суреті, пайғамбар хадистері

Сабақтың барысы.


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын,сынып тазалығын бақылау.

Үй тапсырмасын бақылау.

Соттағы шешендік дегеніміз не?

Соттағы шешендікке қойылатын талаптар қандай?

Соттағы шешендіктің түрлерін ата.

Шешеннің өзін-өзі ұстауы
  Салауаттылыққа

шақыру

өз пікіріне сендіру
Діни сауатты болу
Ізгілікке үндеу
    Тыңдаушыны

иландыру

Діни (уағыз)    шешендікке қойылатын талаптар
   Адамның жан-жүрегіне әсер ету

Жаңа сабақ.  Діни (уағыз) шешендік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Публицистикалық

Стилі                Ауызекі сөйлеу

Көркем әдеби

Тілдік құралдары

Дінге қатысты терминдер                                              имандылыққа үндейтін уағыз сөздер

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

І деңгей тапсырмалары

  1. Ислам діні туралы не білеміз?

Дін туралы түсінік. (Пайғамбарлар арқылы жолданған әмір және тыйымдар жиынтығын дін деп атаймыз) Дініміздің аты-Ислам діні.Мұсылман діні шыққан қасиетті мекен-Мекке,оның жанында Медине деген қала бар. Меккеге дін жолымен барған адамды қажы деп атады.

  1. Ауыл мешіті туралы ойтолғау. (жазбаша)

ІІ деңгей тапсырмалары.

  1. Мұсылманның бес парызын ата. Оқулықтағы 105- тапсырма.

Жауабы: иман келтіру,бес уақыт намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару.

  1. Қандай діни басылымдарды білесіңдер? «иман», «Мұсылман» журналы, «Имандылық әлемі», «Ислам», Ислам және өркениет» газеттері.

ІІІ деңгей тапсырмалары.

  1. Діни үлкен кітаптар қаншау?

Тәурат-Мұса пайғамбарға түскен. Зәбур- Дәуіт пайғамбарға түскен.   Інжіл- Иса пайғамбарға түскен.   Құран кәрім-Мұхаммед пайғамбарға түскен

Құран Кәрімде 114 сүре бар. Оқулықтағы 104 тапсырма

  1. «Қадір түні» туралы не білесіңдер? Онда қандай шарттар орындалу керек?
  2. «Діннің бүгінгі қоғамдағы орны» ой толғау

Сабақты қорытындылау:

Діни шешендіктің тамаша үлгілері қасиетті «Құран Кәрімнен» табылады. Діни шешендік біздің тарихымызбен тығыз бірлікте.

Еліміздің келешегі үшін имандылыққа бой ұсынып, салауатты өмір салтын қолдап, ислам қағидаларын білуіміз керек.

Үйге тапсырма:    111-жаттығу.