60-жылдар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:   60-жылдар әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

а)әдебиет пен саясат арасындағы байланыс туралы түсінік беру;


 

ә)  мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:                    лекция сабақ


Сабақтың әдісі:                  мазмұндап оқу,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:      әдебиеттер т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

 

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

 

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінің соғыс соғыс кезіндегі шығармалары несімен ерекшеленеді?

2.Соғыс кезіндегі әдебиеттегі  образдар қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

3.Соғыс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

             1956 жылдың басында КОКП-ның ХХ съезі болып,онда жеке басқа табынушылықтың зардаптары айтылды.Осы шақтарда қазақ әдебиетінде өзгеше өзгерістер көрінді.Әсіресе,бұрынғы өткен қазақтың ұлылары,ғалымдары,ақындары,жазушылары ақталып қатарға қайта қосылды.Соның ішінде Абай,Шоқан,Ыбырай жөнінде жазылған шығармалар жарық көрді

 

 

Кітаппен жұмыс:

                   Кітаптан Ұлы Отан соғысынан кейінгі мол қырғыннан аман қалған жазушыларға хронологиялық таблица жасайды.

 

Білімді бекіту:

1.Тәуелсіз әдебиеттің басы 60 жылдардан басталады деген пікірге қалай қарайсыңдар?

2.60 жылдар әдебиеті жөнінде өз түсініктеріңді айтып көріңдер

 

Білімді бағалау:       Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:       60 жылдардағы қазақ әдебиетін оқып келуге беремін.