Соғыстан кейінгі әдебиет

Сабақтың тақырыбы:   Соғыстан кейінгі әдебиет

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;


ә) сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорыта алуға,мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

б) Туған жердің табиғатын сүйе білетін оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                    дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,баяндау т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар


Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінің соғыс соғыс кезіндегі шығармалары несімен ерекшеленеді?

2.Соғыс кезіндегі әдебиеттегі  образдар қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

3.Соғыс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1956 жылы И.Сталин өлген соң  партияның ХХ сьезі жеке басқа табынушылықты сынға алды.Қоғамдағы,саясаттағы өзгеріс,орын алған бұрмалаушылықты жою мәселелерінің ашық сыналуы әдебиет пен өнерге де ықпал етті.Шығармашылық еркіндікке,тарихи шындықты,дәстүр сабақтастығын жалғауға мүмкіндік туды.Бұл әдебиеттің сапалы дамуына,көркем шығармалардың жарық көруіне мүмкіндік берді.

Прозалар: Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына көркем дүниелер көп жазылды.С.Мұқановтың «Сырдария» романы шөл даланы суландырған канал қазушылар еңбегін көрсетсе,Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесі колхозшылар еңбегін, «Қарағанды» романы кеншілер еңбегін,Ғ.Слановтың «Кең өріс» повесі малшылар еңбегін көрсеткен.Соғыстан кейінгі әдебиетте халық тарихы,өткен өмір жайы көркем кестеленді.М.Әуезовтың «Абай», «Абай жолы»,Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке»,Х.Есенжановтың «Ақ Жайық романдары қазақ елінің тарихи кезеңдерін көркемдік шындықпен суреттеуімен құнды.

Поэзия. Прозадағы еңбек тақырыбы поэзияда да жалғасын тапты.Х.Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы»,Т.Жарковтың «Жапанды орман жаңғыртты» поэмалары жазылды.Бейбітшілік жайында өлеңдер көптеп жарық көрді.Тыныштық пен бақытты тұрмысты жырлап,бейбіт өмірді бейнеледі.Бұл Ә.Тәжібаевтың «Еуропаға саяхат»,Т.Жарковтың «Қазыналы Қазақстан» өлеңдерінде көрінсе,осы тақырып Қасым Аманжолов поэзиясының негізгі арнасына айналды.Ақынның «Туған жер», «Дариға»,сол бір қыз, «Өзім туралы өлеңдері қалың жұртшылыққа жақындығымен құнды.

Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ поэзиясы көркем бейне жсау,өлең,құрылысы,тақырыбы,идеяның берілуіндегі көркемдік әдістер жағынан әдебиетке жаңа ізденіс,тың серпіліс әкелген кезең болды.Бұл Ғ.Орманов,Ә.Тәжібаев,Қ.Аманжолв,Ә.Сәрсенбаев,С.Мәуленов,Ж.Молдағалиев өлеңдерінде көрініс тауып,кейіннен 50 жылдар соңынан бергі жазылған М:Мақатаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Нәжімеденов,Т.Айбергенов т.б. шығармаларында өзгеше көркем сипат алды.

Білімді бекіту:  Түсінбеген сұрақтарына толығырақ мағлұматтар беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  Соғыстан кеінгі қазақ әдебиетін оқып келуге беремін..