Қадыр Мырза Әли

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы:              Қадыр  Мырза   Әли

Сабақтың мақсаты:


а) Қадыр Мырза Әли туралы мәліметтерді тыңдай отырып,жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу;

ә) түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

б) Оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:                   лекция түрінде


Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар,журналдар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                     а)  Ұйымдастыру кезеңі:

   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге  Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқып келуге берілген.  Прозалық   шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ә.Кекілбаев кезеңі туралы не айтасыңдар?

2.Ә.Кекілбаев романдары туралы не айта аласыңдар?

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімі елімізге танымал ақын Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген.Ата-анасы сауатты кісілер болған.Әкесін ауылдастары «молда бала» деп те атаған.

Болашақ ақынның әдебиетке деген ынта-ықыласы бала кезден белгі берген.

Мектепте сан қияға құлшынған бала қиял тарихқа,математикаға,астрономияға,сурет  өнеріне талпынған.Ол кездері республикалық газеттерде «Қайда оқығың келеді?» деген сауал-айдармен еліміздегі әр-түрлі оқу орындарының хабарландырулары жарияланатын.Газеттердің бірінен «филология факультетін» көзі шалған мектеп түлегі сөздік ақтарып,өзіне бейтаныс «филология»  деген сөздің қазақша қандай ұғым білдіретінін көрген соң,осы факультетке оқуға түсуге бел байлайды.Жолы болып,1953 жылы Қаз МУ-дың филология факультетіне түсіп,арада бес жыл өткенде бітіріп шығады.Қияндағы ауылдан келген зейінді жас көзге түсіп,жазған курстық жумыстары мен жасаған баяндамалары зерттеушілік қабілетін,әдебиеттің табиғаты мен мұратын барлай білетін байыптылығын байқатады.Ғылыми кеңестің шешімімен аспирантураға қалдырылуы – Қадыр Мырза Әлидің сергек ойлы студент болғанының дәлелі Алайда студент кезінде-ақ өлеңдері республикалық басылымдарда жариялана бастаған жасты  әдебиет айдыны қызықтырады

Жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғанға» қызметке орналасуы сол себептен.Міне, содан бері қырық жылдан аса уақыт бойы Қ.Мырза Әли әдеби процеске қызу араласып келеді.

«Жұлдыз» журналына қызметке тұрып,бөлім меңгерушісі,жауапты хатшы,бас редактордың орынбасары болса да,1968-1973 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі,Қазақстан жазушылар одағына поэзия бөлімінің меңгерушісі «Балауса» баспасында бас редактор,директор,т.б. әр түрлі қызмет атқарғанда да,өзінің өмірлік ең сүйікті кәсібі — әдебиеттен көз жазған жоқ.Үнемі табанды еңбек,өзін-өзі шыңдау,қайрау,толысу мен кемелдену үстінде болдыҚазақ поэзиясы тарихында Қ.Мырза Әли секілді соншалықты өнімді,қисапсыз еңбек еткен ақын кемде-кем.Оның қаламынан  туған дүниелердің, нақты айтсақ,төл және аударма әдебиет туындыларының жалпы көлемі жиырма бес том шамасында.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқиды

Поэмалары: «Қызыл кітап», «Заман-ай», «Ақыр заман» т.б.

Драматургиясы:  «Жаралы жолбарыс», «Әмір Темір» драмасы, «Мың бір мұң» трагедиясы, «сақал саудасы» «Түрт,сайтаным түрт» комедиялары бар

Білімді бекіту: 1.Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қадыр Мырза Әли туралы не білесіңдер?

2.Қадыр Мырза Әли шығрмаларындағы қазақ бейнесі туралы ой толғап,өз пікірлеріңді жеткізіңдер

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын оқып келуге беремін.