Тұманбай Молдағалиев

Сабақтың тақырыбы:        Тұманбай Молдағалиев

 

Сабақтың мақсаты:   а) Ақынның өлеңінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру.  ә) сауаттылыққа баулу,мәнерлеп оқуға машықтандыру. б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,жаманнан жиреніп,жақсыға еліктеуге ықпал жасау.


 

Сабақтың түрі:                   лекция түрінде

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих


Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

 

    Үйге берілген Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» поэмасын сұраймын.   Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

1.Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» атты поэмасындағы көтерілген экологиялық мәселе бүгінгі күні қандай дәрежеде деп ойлайсыңдар?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

          Ол 1935 жылы қазіргі Алматы облысының Еңбекші ауданында,Қазатком деген жерде дүниеге келген.1942жылы орта мектеп табалдырығын аттаған ақын 1951 жылы Есік қаласында бітіріп,Қазақтың мемлекеттік университетіне оқуға түседі.Ол ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанған.

 

Кітаппен жұмыс: Кітаптан ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 

Дәптермен жұмыс:Дәптерлеріне бір шумақ  өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.

 

Білімді бекіту: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Білімді бағалау:  Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:  Т.Молдағалиевтің өмірбаянын оқып келуге беремін.