Қазіргі Әдебиет

Сабақтың тақырыбы:        Қазіргі Әдебиет

Сабақтың мақсаты:    а)  логикалық ойлау қабілеттерін  өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;


б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих


Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген  тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 

            Әдебиетті кезеңге бөлуде қазіргі әдебиетке 1960-1980 жылдарда жазылған көркем шығармалар кіреді.

Бұл кезеңнің ерекшелігі «түрі ұлттық,мазмұны социалистік» реализм әдісінің шеңберінен шықпай,қатал сынақ пен тексеруден өтуінде.Кеңестік жүйе әдебиет шығармаға көп шектеу қойғаны да мәлім.Десек те,тамыры тереңге тартқан,арнасы кең,мәуелі қазақ әдебиеті үшін де 60-80 жылдар сәтті кезең болды.

Қазақ әдебиетіндегі көне түркі дәуірінен басталып,ауыз әдебиеті мұрасымен толығып,жыраулар өлеңдерімен жарақтанған,көркемдіктің небір үлгісін мөлдірете төккен ХІІІ-ХІХ ғасырлар ақындары мен Абайдың өлмес мәңгілік жырларына сусындаған, «елім», «ұлтым», «халқым» деп жыр жазып қана қоймай,өмірін арнаған Ахмет,Жүсіпбек,Міржақып,Мағжан,Сәкен,Бейімбет,Ілияс, туындыларын,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов сынды классиктер шығармаларымен ерте танысқан ұрпақ әдебиетке жаңа ізденістер,тың жаңалықтар әкелді.

Әдебиетті насихаттайтын,сиясы кеппеген шығарманы оқырманға жеткізген «Жұлдыз», «Жалын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеті көркемдік әлемнің жаршысы болды.Әдебиетте тақырып көлемі кеңейіп,шеберлік талай талантты танытты.

Әдебиеттегі сын,теория,тарихы жағынан зерттеудің жан-жақтылығы,тереңдігі,жаңашылдығы да көркем әлемнің қуаты мен әсем суретіне әсер етті.

Қоғамдағы,табиғаттағы,ғылымдағы жаңа ашулар мен жаңалықтар әдебиетте өз ізін қалдырды.Тарихқа қайта көз салып,көркем әлеммен сабақтасты.Ел,ұлт,халық тағдыры талқыға түскен шақта ту ұстаған ерлер бейнесі сомдалды

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгеріс,қазақ салт-дәстүріне ықпал ететін түрлі әлеуметтік жағдайларға көркемдік тұрғыда баға берілді.Осы тұрғыда қазақ әдебиетінде қазіргі адам,қазіргі қоғам көрінісіне баға берген шығармалар да көп жазылды.

Туған жер, өскен ел,Отан,атамекен,атажұртқа деген ұлттық көзқарас,таным мен қоғам өзгерісі,қақпақылына түскен адам көңіліне,жанына үңілген көркем шығармалар туды.

Білімді бекіту:     Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:   Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.