«Күз байлығы»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»


Мақсаты:  Музыкадығы бейнелерді ажыратуға үйрету. Әннің ширақ, сергек, сабырлы сипатын ажырата білуге үйренеді..

Сөздік жұмыс: алма,жүзім,алмұрт,анар,өрік,жіңішке,жуан.

Оқу іс-әрекеттің көрнекі құралдары: «Жеміс бағы» суреті, күз жемістері.

Оқу іс-әрекет түрі: жаңа тақырып.

Ұйымдастыру:


Музыка жеткешісі:

Балаларды амандасу жаттығуын жасап қарсы алу. Ө. Байділдаевтың «Көңілді би» шығармасымен балаларды қарсы алады, жүреді, әртүрлі ырғақты қимылдарды жасап үйренеді.

-Балалар, біз өткен жолы «күзгі орманға» барып, әртүрлі аңдарды көрдік.

Ән тыңдау:  «Жеміс бағында»

Мен сендерге «Жыл мезгілдері» деген ертегі айтып бергім келіп тұр.

Ертеде Табиғат деген ананың төрт қызы болыпты. Қария қыздарына жер бетіндегі ең әдемі атты қоюды армандапты. Қыздар өскенше оларға ат қоймапты. Оларды еркелетіп қана атапты.

Бір күні анасы төрт қызына нан пісіруді тапсырады. Үлкен қызының пісірген наны қатты болып қалады. Ол нанның дәмін татып көрген ана қызына «Қыс» деп ат қояды. Екінші қызының пісірген наны сәл қаттылау болып піседі. Ол наннан жеп көрген ана «Саған Көктем деген ат қоямын» дейді.

Ал үшінші қызының наны жұп-жұмсақ, дәмді болады. Дәмді нанды көрген ана сүйсініп, ол қызына «Жаз» деп атайды. Ал төртінші қызының наны ауызға салғанда еріп кететіндей балбырап піседі. Өте дәмді нан тіл үйіріп, анасы қатты риза болып: «Айналайын, сенің есіміңді Күз деп қоямын» дейді. Өз есімдерін алып қыздар да анасына риза болады. Сөйтіп, жылдар өте  келе

 

 

қыздардың есімдері жыл мезгілдеріне айналады. Әр мезгілге байланысты, балалардың ойнайтып ойыны қалыптасып, мәз-мейрам болыпты.

Ертегі ұнады ма? Осы ертегінің қазір қай қызы бізге қонаққа келіпті.

Дұрыс айтасыңдар кіші қызы Күз ханшайым екен.

-Балалар жемістер қай кезде піседі?

Жемістер жазда күзде піседі.

-Қандай жемістерді білесіңдер ( балаларға суретті көрсету.)

Алма, алмұрт, жүзім өрік, сары өрік.

Қазір біз «Жеміс бағында» өлеңін тыңдаймыз.

Енді «бұл қай кезде болады? Күз» әнін есмізге түсіреміз

Ән үйрену:  «Жаңбыр»

Әнді бірінші педагог айтып береді сосын балалар қайталайды.

Ойын: «Саусақ сезімін оят»

Дорбаның ішіне: алма, алмұрт, қара өрік, сары өрік салып қояды. Балалар қарамай, қолмен ұстап сезіну арқылы қандай жеміс екенін  табыу керек.

-Балалар, бүгін қай мегілге арналған әнді айттыңдар?

-Қандай ойын ойнадыңдар?

-Сендер өте жақсы қатыстыңдар.

Сау балыңдар!