Ғарыш әлеміне саяхат (Ересектер тобы)

 

 

 


Ғарыш әлеміне саяхат

(Ересектер тобы)

Мақсаты:

Білімділік: балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Байқоңыр,

зымыран, ғарыш айлағы туралы мәлімет беру. Ғарышкерлермен таныстыру.


Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін арттыру, ән айту, есту қабілеттерін дамыту. Классикалық музыкаға қызығушылығын  арттыру, түсініп әңгімелеуге дағдыландыру.

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренуді жалғастыру, дамыту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекеттің көрнекі құралдары:  Бейнепроектор, ғарыш әлемі бейнеленген суреттер, ойынға арналған геомериялық пішіндер  т.б..

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, Қоршаған орта, ҚМҰҚ.

Сабақтың түрі:  кіріктірілген (музыка, бейнелеу өнері)

Әдіс-тәсілдері: әнді тез жаттау технологиясы, дәстүрден тыс әдіспен сурет салу.

Сөздік жұмыс: ғарыш, зымыран, Байқоңыр, ғарыш айлағы.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Балалар залға музыка әуенімен кіреді. «Жол жүрушілер маршы», Ж.Қалжанова.

Музыка жетекшісі:

Балалар,бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.

Қане, балалар, қонақтармен әуенмен амандасайық.

Балалар, қонақтарға өткен оқу іс-әрекетімізде үйренген әнімізді орындап берейікші.

Ән айту: «Жас дәуірдің түлегіміз»,  И.Нүсіпбаев.

Музыка жетекшісі:

-Өте тамаша, балалар. Дауыстарың да керемет,  аспанға дейін жетіп жатырғандай.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

Көктем

Музыка жетекшісі:

-Балалар, осы ай қалай аталады?

Балалар:

-Сәуір

Музыка жетекшісі:

-Дұрыс айтасыңдар, осы ай Сәуір айы деп аталады.

-Ия, бұл Сәуір айында да бір мереке бар. Ол «Ғарышкерлер күні» деп аталады.

-Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Күміс қанат сұңқарым,

Көкке еркін сүңгиді

Бұлттардан да тым әрі,

Кеткен жолды не дейді?

Балалар:

-Ғарыш

Музыка жетекшісі:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал осы аспан әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды  ғарышкер дейміз.  Олай болса,экранға назар аударайық.

(Мультхикая көрсету. Білімпаз атада қонақта)

Біз Аяжан, Елдос барлығымыз  Білімпаз атаға қонаққа барамыз.

Зымыран ұшатын жерді «ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан  ұшады. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин. 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа адам ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.

Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап

Ел мерейін өсірді,

Көкпен жерді самғап.

Ал енді ғарышкерлер туралы ән үйренейік.

Ән үйрену: «Ғарышкер боламыз», С.Мұхамеджанов.

Әнмен таныстыру. Әннің композиторымен таныстыру. Әннің не туралы екенін түсіндіру.Әннің сипатын айыру. Әннің бірінші шумағының сөзерін қайталату.

Әнді әуенімен үйрету.

-Балалар, сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме?

Балалар:

-Ия

Музыка жетекшісі:

-Балалар,ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?

Балалар:

-Зымыран

Музыка жетекшісі:

-Дұрыс айтасыңдар, «зымыран» қажет.

-Ендеше біз екі топқа бөлініп зымыран құрастырайық.

Дидактикалық ойын: «Зымыран құрастыру»

-Ғарыш кемеміз дайын,ендеше ғарышқа ұшуға дайындалайық.

(Қауіпсіздік ережесі. Кері санау)

-9,8,7,6,5,4,3,2,1,0  К Е Т Т І К!!!

(Экраннан ғарыш әлемін, жұлдыздарды көрсету.  Жарық сөнеді. Жарық бірте –бірте жану. Жұлдыздардың жануы. Музыка)

Бейнелеу өнері жетекшісі:

-Сәлеметсіздер ме,балалар.

-Балалар, ғарышқа қош  келдіңдер.

(Күн жүйесімен таныстыру.Слайд. Музыкалық фон- «Песня одинокого пастуха», Дж.Ласт)

-Айналамызға көз салайықшы,балалар.

-Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс,   Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

-Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар да бар. Мына жұлдыз — Жетіқарақшы деп аталады. Ал мына жұлдыз-Темірқазық.

Балалар, сіздерге ғарышқа саяхатымыз  ұнады ма?

Олай болса ғарыш әлемінде көрген жұлдыздардың  суретін слайық.

Біз бүгінгі оқу іс-әректімізде дәстүрден тыс сурет салу өнерін жалғастырамыз.

Өткен оқу іс-әрекетімізде сурет салуға арналған парағымызды қалай дайындағанымызды есімізге түсірейік.

(Тақтаға дөңгелек пішінді ғаламшарды және жұлдыздың суретін салып көрсету. Экраннан жұлдыздың салынуын көрсету. Балаларға сурет салғызу. Балалардың салған суретін тақтаға іліп талдау).

Балалар, біздің Жерге қайтатын уақытымыз болды.

(Қауіпсіздік ережесі. Кері санау)

-9,8,7,6,5,4,3,2,1,0  К Е Т Т І К!!!

(Экраннан ғарыш әлемін, жұлдыздарды көрсету.  Жарық сөнеді. Жарық бірте –бірте жану. Жерге оралу)

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Неліктен 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады?

-Ғарышқа алғаш ұшқан батыр ағаларды атайықшы.

-Бүгінгі үйренген әніміздің аты қандай? Композиторы кім?

-Бүгінгі үйренген әнімізді тағы бір қайталайықшы.

 

Шаттық шеңбері:

Аспан,аспан арайлым,

Саған жие қараймыз

Сені көзбен шоламыз,

Біз ғарышкер боламыз

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болыңыз!