Тұрмыс-салт жырлары

 

Сабақтың тақырыбы:       Тұрмыс-салт жырлары

Сабақтың мақсаты:


а) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б


Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Әдебиет» деген сөз қай тілден енген?
  2. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
  3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?

4.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен саласы-тұрмыс-салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді,жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атайды.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан тұрмыс- салт жырларының түрлерінен  мәнерлеп оқиды.

Топпен жұмыс:  .Тұрмыс-салт жырларының түрлерін топтастыру.

Бесік жыры                        тұсаукесер жыры             жар-жар

 

тойбастар

 

беташар                                                                                                       бата-тілек

 

 

 

жоқтау                                               наурыз жыры

 

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?
  2. Қандай түрлерін білесіңдер?

 

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   Тұрмыс-салт жырлары және оның түрлері туралы оқып келу.