Жұмбақ

Сабақтың тақырыбы:      Жұмбақ

Сабақтың мақсаты:

а) ауыз әдебиетінің түрлері  оның ішіндегі жұмбақ   туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;


ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық  қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,   т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жұмбақ—ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол-адамдардың бір нәрсенің белгілерінің екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.  Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап,ұйқастырылып  айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен,әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.   М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген.

Топпен жұмыс:  .   1-қатардағылар жұмбақ  айтады,2-қатарлардағылар шешуін табады.

Мысалы:    Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін.       ( қолғап)

 

Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты,             (Адамның сәби,жігіт,қарт кезі.)

 

Шығармашылық жұмыс:      Оқушылардың өздері әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шығарады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Жұмбақ дегеніміз не?
  2. Жұмбақтың мақалдан айырмашылығы қандай?

 

Білімді бағалау:

.                       Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады

 

Үйге тапсырма:  Жұмбақ туралы түсінікті оқып,жұмбақтар жаттап келу.