Ер Тарғын

Сабақтың тақырыбы:            Ер Тарғын

Сабақтың мақсаты:

а)   батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;


ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы,   дидактикалық материалдар  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Ер Тарғын» жыры -өзінің идеялық –көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда елдік,ерлік,жақсылық пен жамандық ,кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты ,»Ер Тарғын» жырының негізінде де тарихи оқиғалар ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен  тарихи-әлеуметтік оқиғалар,халықтың әдет-ғұрыпы,салт-санасы, рухани тіршілігі көрініс береді.

Жырдағы кейіпкерлер: Ақжүніс,Қартқожақ,Ер Тарғын,Ақша хан т.б

 

 Кітаппен жұмыс:      Кітаптан  «Ер Тарғын»  жырын   оқу,ойларын жеткізу.

 

Венн диаграммасы: Қартқожақ пен Ер Тарғынға сипатттама береді.

 

Ер Тарғын          Қартқожақ

 

 

 

 

 

 

 

 Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
  2. Қандай батырларды білесіңдер?
  3. Батырлар жырының лиро- эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:       «Ер Тарғын» жырын оқып  келуге беремін.