Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

Сабақтың  тақырыбы :     Ыбырай Алтынсарин    «Қазақ хрестоматиясы»

Сабақтың мақсаты :       а)  Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;


б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                    Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі:                   сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:,     бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:          тарих , еңбек


Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                   б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай   Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын»  жазуға кіріседі.  Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н  Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.

Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.

 

Кітаппен жұмыс:             «Қазақ хрестоматиясындағы»   шығармаларын оқып,талдау жасайды.

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?
  2. Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?
  3. Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?
  4. Ы.Алтынсарин еңбегінің мәні,қазақ әдебиетіндегі алар орны,бағасы қандай деп ойлайсыңдар?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             «Ыбырай-аудармашы» атты тақырыпта реферат жазып келу.