Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»

Сабақтың тақырыбы:                  Мағжан Жұмабаев  «Мен кім?»  

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің негізгі идеясын таныту;


                                   ә)  оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

                                   б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету;

Сабақтың түрі:    жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,  салыстыру  т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар, деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                          Үйге берілген  тапсырманы   сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

       Қазақ әдебиетінің 20 ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі—Мағжан Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаев кім,қандай ақын? Осы сұрақтың жауабын,яғни ақынның кім екенін,ақындық қуаты қандай екенін «Мен кім?» деген өлеңінен іздеп көрейік.

Өлеңді мәнерлеп оқып, ауызша талдау.

Топпен жұмыс:  . «Баяндаушы топ»    Ақын өзін нелерге теңейді?   

                         Жалын               жолбарыс                     бұлт

 

 

 

            Тұлпар                                                                                      арыстан

                               теңіз            күн                                 жел

 

« Суреттеуші топ»       Ақын өзін неге осы нәрселерге теңеді? Ол сөздер қандай қасиеттерді бейнелейтіндігін айтыңдар.

Арыстан: азулы аң,аң патшасы.Жолбарыс: бұл да мықты.Бұлт: түйіліп тұрады,жаңбыр әкеледі. Күн: жер бетіне шуақ әкеледі.   Теңіз: буырқанады,толқиды,тасады.  Жалын: от,өртеп жібереді.

 Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.   Венн диаграммасы бойынша «Мен кім?» өлеңін Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңімен салыстырады.

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    «Ер жігітке тән қасиеттер..» деген сөйлемді жалғастырып,толықтырып,өлеңді жаттап келу