Менің туған күнім!
Менің туған күнім!
Көңілді әуен ойналып,балалар залға қол ұстасып кіреді.
Құрметті ата-аналар,балалар!
Бүгін біз тобымыздағы сүйкімді балаларымыздың туған күніне жиналып отырмыз.Шырқалатын ән-жырымыз бүгінгі туған күн кеш иелеріне арналады.Ортамызға туған күн иелерін шақырайық.Ата-аналары мен балалары залға кіреді.
Жүргізуші:Ой халайық,халайық,
Әсем әнге салайық.
Туған күн тойын көң
Бәріміз қарсы алайық.
Ал енді біздің туған күн иелері сендерге достарың ыстық
лебіздерін ала келіпті.
Бекзат : Бантигімді байлап берші,
Мен бақшаға барамын.
Бүгін өлең айтып берем,
Туған күні достардың.
Самал: Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң айымыз.
Тек қуамыз ойын біз,
Дегенменен, күн санап.
Өсіп келе жатырмыз,
5-ке толған батырмыз.
Би: «Саңырау құлақтар!» Қызықты музика естіліп ішке Қызыл телпек кіреді.
Алдынан қасқыр күтіп алады.
Қасқыр: Сәлем Қызыл телпек қайда барасың
Қызыл телпек: Мен балалардың туған күніне барам,жүрсеңші қызықты бірге тамашалайық.
Қасқыр: Барсам барайын қызыққа менде кенелейін.
Балалар: Амандасады
Қызылтелпек пен қасқыр : балаларды туған күндерімен құттықтайды.
Жүргізуші: қош келдіңдер,біздің балаларымызбен бірге болыңыздар.
Біздің балаларымызға арнаған тақпақтарың барма,тілектерің барма айта қойыңыздар.
Қызыл телпек: Күтіп жүрдім мен күнде,
Осындай той болады деп.
Ойлап жүрдім достарым қашан
Бес жасқа толады деп.
Ерназ: Дем алып тыныстап,
Маужырайды күміс бақ.
Туған күнді тойлаймыз,
Қолымызға гүл ұстап.
Ән: Туған күнім (барлығы)
Ойын: «Егер мен»
Шарты: үрілген шар ішіне әр түрлі сұрақтар салынады,шарды жарып сұрақтарға жауап береді.
Құралай:Базарға да соға кетіп,
Гүлдер сатып алайық.
Көп достарым күтіп отыр,
Жүр тезірек барайық.
Еркеназ: Ұзарды бойымыз
Толысады ойымыз
Алда талай тойымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз
Беске толған батырмыз.
Мерей: Жүгіріп шығып алдыңнан
Қуана қарсы алатын.
Жатырқамай еркелеп,
Бәрін жақсы көретін кім?
Балалар: Нурай
Би: «Жалқаубек»
Ән: «Уан литл финге»
Ойын: «Кім епті?»
Шарты: орындық қойылады төрт бала шығарып музика ойналғанда орындыққа отырып қалуы тиіс. Орындық жетпей қалған бала ойыннан шыға береді.
Ән: «Песенка крокадила»
Туған күн кеші аяқталып,балаларға сыйлық беріліп,құттықтау сөздер айтылады.