Қыз Жібек

Сабақтың тақырыбы:             Қыз Жібек

Сабақтың мақсаты:

а)   лиро-эпостық  жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;


ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,   дидактикалық материалдар  т.б


Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Қыз Жібек» жыры— идеялық мазмұны, көркемдік             сөз сапасы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың  бірі.

Жырға өзек болған оқиға Төлеген мен Қыз Жібектің арасындагы шынайы махаббат. Олардың бірімен-бірі табысқан шуақты сәттері де, қайғылы-қасіретті күн

кешкен трагедиялық кездері де барынша шынайылықпен     өрнектелген.

Дастандағы бейнелі сөз кестелерін жыршы өзінің нысаналы ойына орай толғап, екшеп ала білген. Мысалы, қазак аулының көшпелі тіршілігінің сән-салтанаты, Төлегеннің өлім алдындагы әуедегі алты казбен қоштасқан сәті, Жібектің асыл жары Төлеген қазасына егілген жан азасы ғажап сөз кестелерімен өрілген.

Дастанның   басты   кейіпкерлері — Төлеген   мен  Қыз   Жібек.

 Кітаппен жұмыс:      Кітаптан  Қыз Жібек  жырын оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс: Төлеген мен Жібектің кескін-келбетін ,

адамгершілік,арлылық,жан сүйсіндірер қылық мінездерін екі ғашықтың шынайы махаббатын  жырдағы нақтылы оқиғаға сүйене отырып айтып беріңдер.

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?
  2. Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?
  3. Жібектің Сансызбайға қосылуына қалай қарайсыңдар?
  4. Төлеген алыс та азабы мол жолға неліктен бел байлады, оған не себеп болды,оны нендей арман жетеледі?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:         «Қыз Жібек»  жырын оқып келуге беремін.