Тоқсандық қайталау

Сабақтың тақырыбы:   Тоқсандық қайталау

 

Сабақтың мақсаты:   а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;


ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиетін қалыптастыру ;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі:                   қайталау сабағы

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,іздендіру т.б.


Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар

Пәнаралық байланыс:      тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

       Үйге берілген С.Мұқановтың шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

      ХХ басы көптеген қайшылықтарға толы екені белгілі.Бұл кезең ұлт құндылығы қайта сараланып,басқа жоқ,соны тарапқа түскен кез.Егер бұған дейін Абай дәуірі Ахмет,Міржақып,Мағжандарға ұласса,кеңес дәуірінде аталған жандар байшыл,ұлтшыл деген айдармен тарих қоқсығына лақтырып тасталынды.Кеңес үкіметіне,қаналушы тапқа деген сенімі мол Сәкен,Сәбит бастаған топ жеңіске жетті де,ел ғұмыры мүлде басқа арнамен аға бастады.

 

Семантикалық картамен жұмыс: оқушыларға семантикалық картаны үлестіріп беремін.Ондағы елеулі жылдарды белгілеп береді.

 

Білімді бекіту:  1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?

2.Қазақ даласында өткен «төңкеріске» өз көзқарастарыңды білдіріңдер?

 

Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: қайталау.