Осы күнгі айтыстар

Сабақтың  тақырыбы :     Осы күнгі айтыстар     

Сабақтың мақсаты :

а)    Осы күнгі айтыстар  туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;


ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі :                                  аралас   сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, қосымша материалдар


Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы   сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?
  2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?
  3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?
  4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?

 

 б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра  әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің  халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты-Қазақстанның 60 жылдығына араналған ,Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген,Абайдың,Жамбылдың 150 жылдығына арналып өткен т.б республикалық айтыстар әдебиетімізде  лайықты орын алады.

Топтастыру стратегиясы:

Парасат,білім                                                      сөзге тоқтау

 

 

Намыс,жігер,қызу шабыт                                                                    талант,арқа

 

 

 

Тапқырлық,ұтымды ой                          қолма-қол суырыпсалушылық

Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі неде?
  2. Айтыстың болашағы жайында не ойлайсыңдар?
  3. Қазіргі ақындар айтысынан кімдерді білесіңдер?

 

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:        «Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» тақырыбына эссе жазып келу.